AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматы ТМД елдерінің парламенттік дипломатиясы мен...

Алматы ТМД елдерінің парламенттік дипломатиясы мен интеллектуалды диалог алаңына айналды

Алматы құшағында Бүгін 17:53 45
Алматы ТМД елдерінің парламенттік дипломатиясы мен интеллектуалды диалог алаңына айналды

Бүгін ТМД Парламентаралық Ассамблеясы аясындағы іс-шаралар шеңберінде Мемлекеттік құрылыс және жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін зерделеу жөніндегі тұрақты комиссияның көшпелі отырысы және МПА ТМД-ның ашық шахмат кубогы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Тұрақты комиссияның отырысы Алматы қаласында өтіп, ТМД кеңістігіндегі мемлекеттік басқаруды дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылаудың маңызды алаңына айналды. Күн тәртібінде үлгілік заң шығару жүйесін жетілдіру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, азаматтармен өзара іс-қимылдың цифрлық құралдарын енгізу, сондай-ақ ТМД елдерінің жергілікті атқарушы органдары деңгейінде қаралатын өзекті мәселелер, соның ішінде иесіз мүлікті басқару және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Дискуссияның жеке бөлігі креативті индустрияларды өңірлік экономиканың драйвері ретінде дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және аумақтардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға арналды. Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов ТМД Парламентаралық Ассамблеясының жүйелі жұмысын атап өтті.

«Жүйелі үлкен жұмыс жүргізілуде, бұл бір отырыстың мәселесі емес. Мұнда Парламенттер мен тұтас институттар жылдар бойы үлгілік заңдармен жұмыс істеп келеді. Біз ТМД елдерінің үздік тәжірибелерін қарастырамыз - соның ішінде креативті индустрияларды дамыту, азаматтардың өтініштерімен жұмыс, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл мәселелері бар. Мұның екі жақты тиімділігі бар: біріншіден, біз ең тиімді шешімдерді аламыз, екіншіден, оларды өзімізде қолдана отырып, сапалы заңнама қалыптастырамыз», - деді ол.

Оның айтуынша, бұл жұмыс қоғам мен мемлекеттік институттар арасындағы тұрақты байланысты нығайтуға ықпал етеді және азаматтық қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз ынтымақтастықта жалғасын табады.

Сол күні МПА ТМД-ның ашық шахмат кубогы да ұйымдастырылды. Жарыс тек спорттық шара ғана емес, сонымен қатар бейресми диалог алаңына айналды. Турнирге Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан командалары қатысты. Шахмат тақтасы басында ТМД елдерінің парламенттері мен мемлекеттік құрылымдарының өкілдері кездесті, бұл жарысқа ерекше дипломатиялық мән берді.

Турнир қатысушыларына Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов саясат пен шахмат арасындағы символикалық байланысты атап өтті.

«Депутаттың жұмысы шахмат партиясына ұқсайды. Біз әр қадамымызды алдын ала есептеп, оның салдарын түсініп, бүкіл «тақтаны» бақылауда ұстауымыз керек. Бірақ шахматта ойынды қайта бастауға мүмкіндік бар, ал Парламентте ондай мүмкіндік жоқ - әр қадамымыз бүкіл ел алдында жауапкершілік жүктейтін заңға айналады», - деді ол.

Сонымен қатар ол Қазақстанда шахматтың дамуы елдің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталған стратегиялық саясаттың көрінісі екенін айтты.

«Бүгінде Қазақстанда жаңа буын мықты шахматшылар өсіп келеді. Әсіресе қыз балалардың әлемдік деңгейде табысқа жетуі қуантады. Бұл - біз дұрыс бағытта келе жатқанымыздың көрсеткіші», - деді Сенат Вице-Спикері.

Алматыда комиссия отырысы мен шахмат турнирінің өтуі қаланың ТМД кеңістігіндегі парламентаралық ынтымақтастықтың тарихи орталығы ретіндегі рөлін айқындай түсті. Осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын дәл осы қалада ТМД мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың негізі қаланған.

Іс-шаралар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған екіжақты кездесулермен жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТМД
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Бүгін 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Бүгін 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Бүгін 19:08

Астанада кітапханалар желісі кеңейіп, оқырман саны 100 мыңға жетті

Бүгін 19:01

Әскери борышын өтеген мыңнан астам сарбаз грант иегері атанды

Бүгін 18:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика