AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы ТЖД өртке қауіпті кезеңнің басталғанын еске...

Алматы ТЖД өртке қауіпті кезеңнің басталғанын еске салды

Әлеумет 04.04.2023, 14:07 1,081
Алматы ТЖД өртке қауіпті кезеңнің басталғанын еске салды
ановлен - БезФормата zavodoukovsk.bezformata.com

Төтенше жағдайлар департаментінің тау-орман өрттерін сөндіруге дайындығын, рұқсат етілмеген орындарда от жаққаны үшін жауапкершілік және тілсіз жаудың алдын алу туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Данияр Жүсіпов пен «Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ орманды қалпына келтіру және жаңғырту бөлімінің басшысы Райхан Мұхаметжанова айтып берді, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Алматыда күн жылысымен өртке қауіпті кезең басталды. Осыған байланысты Алматы қаласының ТЖ жөніндгі департаменті өрттің алдын алу мен сөндіруге қатысты іс-шаралар кешенін жүргізуде. 


Басқарма жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, құрғақ өсімдік жамылғысы (250 га) және минералданған жолақтарды құру (85 км) бойынша жұмыстарды жүргізу қажет аумақтарды анықтады. Қазірдің өзінде жол бойындағы 10 шақырым жер жыртылып, қалаға іргелес ашық алаңқайлар, сондай-ақ жалпы алаңы 15 га құрғақ өсімдік баурайы жыртылды.
іргелес ашық алаңқайлар, сондай-ақ жалпы алаңы 15 га  аумақта құрғақ өсімдік баурайы жыртылды.



«Сонымен қатар, табиғи өрттерді сөндіру үшін 13 адамнан тұратын(2 бірлік жол талғамайтын техника, 7 аспалы өрт сөндіргіш, 25 петарда, 20 күрек) бір тәулік бойына кезекшілік ететін табиғи өрттерді сөндіру үшін біріктірілген жедел әрекет ету тобы құрылды.  Табиғи өрттердің орын алуы туралы қоңырау түскен кезде департаменттің күштері мен құралдары №2 жоғарылатылған шақыру разрядына жіберіледі», - деді Д.Жүсіпов.




Сондай-ақ жол талғамайтын техникалар, аспалы өрт сөндіргіштер, Алматы қалалық Құтқару қызметінің авиациялық бөлімшесі дайындықтан өтті.


Р.Мұхаметжанованың келтірген деректері бойынша, өткен жылы Іле Алатауы ұлттық паркінің аумағында 10 орман өрті тіркелді. 


Төтенше жағдайлар департаменті демалушылардың назарына Іле-Алатау ұлттық саябағында ыстық тамақ пісіру үшін арнайы жабдықталған 14 орын бар екенін еске салады: 12 орын Алмаарасан шатқалының аумағында, Үлкен Алматы және Казачка өзендерінің бойында, 2 орын Бутаковкада.



«Айта кететін жайт, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың аумақтарында және арнайы белгіленбеген жерлерде өрт тұтандырғаны үшін орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің  367-бабына сәйкес әкімшілік айыппұл салуға құқылы. Жеке тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшері 10-нан 100 АЕК-ке дейін өзгеріп тұрады», - деді Д.Жүсіпов.



Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды таулы орман алқаптарында қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады:


- өрттің туындауына себеп болуы мүмкін қоқыс заттарын демалыс орындарында қалдырмау, өздерінен кейін тазалап кету;


- тұтанған сіріңке, темекі тұқылын лақтырмау, құрғақ шөпті тұтатпау;


- арнайы жасалмаған орындарда от жағуға болмайды, осы мақсатта мангал және басқа да тамақ  пісіру құралдарын қолданбау керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #өрттен #сақтану
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);