AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматы театрлары Франциядағы Avignon Off беделді ф...

Алматы театрлары Франциядағы Avignon Off беделді фестиваліне қатысады

Мәдени Алматы 12.05.2025, 18:20 1,318
Алматы театрлары Франциядағы Avignon Off беделді фестиваліне қатысады
Сурет видео скрині

Қазақстан театры тарихында алғаш рет Алматының төрт театр ұжымы әлемдегі ең ірі тәуелсіз театр фестивальдерінің бірі – Францияда өтетін Avignon Off фестиваліне қатысады. Фестиваль 2025 жылдың шілде айында өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Делегация құрамына Қазақстанның жетекші тәуелсіз екі театры – ARTiSHOK және JOLDA, сондай-ақ Мемлекеттік қуыршақ театры мен Алатау мемлекеттік театры кіреді. Бұл ұжымдардың фестивальге қатысуы қазақстандық театр сахнасының халықаралық мойындалуына және елдер арасындағы мәдени диалогтың нығаюына маңызды қадам болмақ.

Жоба Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда, ал оның ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарын Almaty Creative креативті индустрияларды дамыту орталығы атқарады.

«Бұл Алматы үшін стратегиялық қадам: біз әртістерімізге жаңа мүмкіндіктер ашып, қазіргі заманғы қазақстандық өнерді халықаралық аренада көрсетіп, мәдени дипломатияның берік негізін қалаймыз», – деді Almaty Creative орталығының бас директоры міндетін атқарушы Бақыт Елюбаева.

Avignon Off фестивалі – Авиньондағы ресми фестивальге параллель өткізілетін бағдарлама, жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген тәуелсіз труппаны жинайды. Avignon Off фестиваліне қатысу әртістерге өздерін танытуға, халықаралық байланыстар орнатуға және даму жолдарын ашуға мүмкіндік береді.

Алматы бағдарламасы фестиваль аясында түпнұсқа авторлық қойылымдарды, сондай-ақ классикалық сюжеттердің заманауи интерпретацияларын қамтиды, бұл қазақстандық театрлардың көркемдік тілінің байлығын көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Avignon Off фестивалі #Франция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны – 2026: Олжас Бектенов жиналған астықтың сақталуы және диқандарды ерте қаржыландыру жұмыстарын бастауды тапсырды

Бүгін 14:30

Жекелеген облыстарда жылыту маусымының басталуына санаулы күндер қалды: Олжас Бектенов әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 13:45

Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 13:28

Алматыда жаңа экологиялық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 13:23

Экологиялық күн тәртібіндегі сегіз жыл

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);