Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Алматы Тазалық» ұжымға жастарды шақырады: қала та...

«Алматы Тазалық» ұжымға жастарды шақырады: қала тазалығы – олардың қолында

Барлығы 04.09.2025, 18:37 728
«Алматы Тазалық» ұжымға жастарды шақырады: қала тазалығы – олардың қолында
Алматы әкімдігі

Алматы – жастар қаласы. Мұнда жаңа идеялар туып, заманауи мәдениет қалыптасып, өмір сапасының жоғары стандарттары белгіленеді. Бүгінгі таңда мегаполистің тазалығы мен көркіне жауапкершілікті дәл жастар мойнына алуға тиіс.

Қаланың санитарлық тазалығына жауапты «Алматы Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны өз құрамын кеңейтіп, жас қызметкерлерді командасына қосуға дайын. Бұл шешім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында, Жұмысшы мамандықтар жылы және «Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қабылданды. Бағдарлама экологиялық мәдениетті көтеру мен жаңа қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған.

Жастар үшін мүмкіндіктер
«Алматы Тазалық» студенттерге, колледж бен университет түлектеріне және жұмыс пен оқуды үйлестіре алатын барлық жастарға есігін ашады. Маңыздысы – бұл тек уақытша сенбіліктер емес, толыққанды жалақы төленетін жұмыс: жастар кәсіпорынның штатында, оның ішінде жартылай жұмыс режимінде қызметке қабылдана алады.

Жастарға әлеуметтік және мотивациялық пакет ұсынылады:

  • ресми тұрақты жалақы және бонус жүйесі;

  • корпоративтік мобильді байланыс;

  • маусымдық формалар (жазғы және қысқы).

Сонымен қатар, Алматыдағы экологиялық волонтерлік қозғалыстың өкілдері қала тазалығын қорғаумен айналысуға мүмкіндік алады – енді тек ерікті түрде емес, ресми жалақымен және барлық бонус-жүйемен.

Мансаптық өсу және патриотизм
«Алматы Тазалықтағы» жұмыс жастар үшін алғашқы еңбек тәжірибесі болмақ. Практика мен тәлімгерлік арқылы олар тек мамандықты игеріп қоймай, қала шаруашылығы саласында мансап құра алады. Компания ішінде мансабын өсіру әлеуеті зор: қарапайым қызметкерден басқарушы деңгейіне дейін. Бұл – Алматының дамуына өз үлесін қосып, туған жерге деген патриоттық сезімді нақты іс арқылы қалыптастыру мүмкіндігі.

Компанияны кеңейту
Жақын арада «Алматы Тазалық» штаты шамамен 2000 адамға көбейтіледі.  Алматы қарқынды дамып келеді, және қалаға қосымша еңбек күші қажет. Бүгінгі таңда осы міндетті жастар өз мойнына алуға тиіс.

Қала тазалығы – жастардың қолында
«Алматы Тазалықтың» дамуының жаңа толқыны – тек штатты кеңейту емес. Бұл еңбекке және қалаға деген жаңа көзқарасты қалыптастыру қадамы. Алматы әрдайым жастар қаласы деп аталып келген, және енді бұл мәртебе нақты іс арқылы расталады: қала тазалығы – жастардың қолында.

Сұрақтар бойынша байланыс
«Алматы Тазалық» командасына қосылғысы келетіндер мына телефон арқылы хабарласа алады: +7 (702) 809 97 01.
Қосымша ақпарат алу үшін мекенжай: Алматы қ., Көкмайса мкр., 26Е.

Жұмыс туралы толық ақпарат: 20250904183648095.pdf

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тазалық #бос орын #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мысырға баруға болады

Бүгін 14:30

Дархан Сатыбалды Алматы жолдарындағы қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

Бүгін 14:20

Әбиба Әбужақынова германиялық брендтің амбассадоры болды

Бүгін 14:15

Италия музейінен құнды картиналар ұрланды

Бүгін 14:04

Алматыда жедел жәрдем дәрігерлеріне шабуыл жасалды

Бүгін 13:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика