Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Алматы Тазалық» қызметкерлерінің жалақысы 55 пайы...

«Алматы Тазалық» қызметкерлерінің жалақысы 55 пайыз өсті

Барлығы 17.10.2025, 09:31 516
«Алматы Тазалық» қызметкерлерінің жалақысы 55 пайыз өсті
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Алматы Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына барып, қызметкерлердің еңбек жағдайымен, коммуналдық техника паркінің жаңғыртылу барысымен және қысқы маусым алдындағы қала тазалығын қамтамасыз ету жұмыстарының ұйымдастырылуымен танысты.

Жұмыс сапары барысында Дархан Сатыбалды коммуналдық қызметтердің тиімді әрі үздіксіз жұмысы ең алдымен қызметкерлерге жасалған жағдайға тікелей байланысты екенін атап өтті. Әкімнің тапсырмасымен биыл кәсіпорынның еңбекақы қоры едәуір ұлғайып, нәтижесінде жол жұмысшыларының, жүргізушілер мен механизаторлардың жалақысы 30–55%-ға өсті.

Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы саны 1560-тан 3169 адамға дейін артты. Оның ішінде 1362 жол жұмысшысы, 136 жүргізуші және 84 механизатор қабылданды. Осылайша жол жұмысшыларының штаттық саны 638-ден 2000 адамға дейін көбейіп, үш ауысымдық жұмыс кестесіне көшуге және көше-жол желісін тазалау тиімділігін арттыруға мүмкіндік туды.

Еңбекақыны көтерумен қатар, қызметкерлердің тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарлама іске асырылып жатыр. Демеушілік қаражат есебінен әрқайсысы 12 адамға арналған екі модульдік тұрғын блок сатып алынды. Жыл соңына дейін сыйымдылығы 60 орын болатын тағы 10 блок алу жоспарлануда. Сонымен бірге 28 орындық модульдік жатақхана орнату мәселесі қарастырылып, Ломоносов көшесі, 23 мекенжайында 100 орындық жатақхананың құрылысы жүргізілуде.

Қысқы маусымда қызметкерлердің жайлы тұруын қамтамасыз ету үшін қала тұрғын үй қорынан уақытша екі үй бөлінеді – әрқайсысы 50 орыннан Наурызбай және Түрксіб аудандарында. Келесі жылы коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері үшін қосымша 272 төсек-орынмен қамтамасыз ету көзделген.

«Коммуналдық қызмет мамандарының жалақысын арттыру мен оларға лайықты жағдай жасау – қаланың тұрақты жұмыс істеуінің маңызды бөлігі, әсіресе қысқы кезеңде. Тек еңбекақымен шектелмей, демалысқа да толық жағдай жасау қажет: демалыс бөлмелері, ас үй, кір жуу және жуыну бөлмелері болуға тиіс. Сонымен қатар, келесі жылы қызметкерлерге арналған жатақханалар саны 400 орынға дейін ұлғайтылуы керек», – деді Дархан Сатыбалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тазалық #жалақы #қызметкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ӨКҚ анимациялық жобасы Көрісу күні туралы баяндады

Кеше 22:27

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Кеше 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Кеше 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Кеше 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика