AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы тауында қар көшкіні жүрді

Алматы тауында қар көшкіні жүрді

Оқиға 18.03.2022, 16:34 1,312
Алматы тауында қар көшкіні жүрді
inform.kz

Алматыда «Пионер» тау шаңғысы отбасылық курортының маңында қар көшкіні болды, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше,17 наурыз күні таңертең, қатты жауын-шашынға байланысты Қотырбұлақ өзені алқабының жоғарғы ағысында жалпы көлемі 30 мың текше метр қамтыған өздігінен қар көшкіні түсті.


Қар көшкіні «Пионер» тау шаңғысы отбасылық курортының ғимаратына дейін жетті.


Оқиға орнына "Қазселденқорғау" ММ Алматы пайдалану-техникалық басқармасының басшысы Самат Дауленқанов барды.


Оның айтуынша, ешкім зардап шеккен жоқ.



«Айта кету керек, бұған дейін 15 наурызда «Қазселденқорғау» ММ АГЭТУ филиалы «Пионер» курорт әкімшілігіне көшкін қаупі және қажетті шаралар қабылдау туралы ұсыныс берген болатын. Жоғарыда аталған мамандардың ұсынысы бойынша арқанды жолдың жұмысы және шаңғы трассаларында сырғанау тоқтатылды. Абырой болғанда, қайғылы жағдай болған жоқ», - деп хабарлады ведомстводан.



Алматы өңірінде 165 қар жинайтын учаске бар, оның 18-і қауіпті. Жалпы көлемі 82,8 мың текше метр құраған 16 қар түсіру профилактикалық жұмыстары жүргізілді. Автожолдардың алдын ала жабылған учаскелерінде жалпы көлемі 300 мыңнан астам өздігінен түскен 100-ден астам қар көшкіні тіркелді.



Қар көшкінін алдын ала түсіру жұмыстары ұсынымдар бойынша және «Қазгидромет» РМК қар көшкіні станциялары мамандарының тікелей қатысуымен өтеді.


Қар көшкінін профилактикалық түсіруді жүргізуге «РЖҚЖ» ММ, «Апаттық медицина орталығы» ММ, ТЖД және ПД мамандары қатысады.


Сонымен қатар, мамандар Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде 19-24 наурыз аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертеді.



Таулы аймақтарда туындайтын қар көшкіні - қайталану және қирату әсері бойынша аса қауіпті табиғи құбылыстардың бірі. Қар көшкіні үлкен деструктивті күшке ие, оның максималды жылдамдығы сағатына 80 км-ге дейін жетеді. Қар көшкіні кезіндегі қар массасының көлемі бірнеше миллион текше метр болады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көшкін #мәлімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Кеше 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Кеше 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Кеше 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Кеше 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Кеше 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика