AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Оқиға 22.03.2022, 06:00 1,102
Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Cурет: ТЖД

Құтқарушылар ескерту жасады


Қазгидрометтің дауылды ескертуі негізінде және Кіші, Үлкен Алматы өзен алқаптарның тау бөктеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Алматыда 19-24 наурыз аралығында қар көшкінінің қаупі сақталады. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қар көшкіні қаупінің сақталуына байланысты мереке күндері тауға аттанған адамдардың назарына жадынама таратылып, қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр.



«Медеу» тау кешенінде туристер мен демалушыларға таулы жердегі қауіпсіз жүріп-тұру шаралары туралы жадыныма таратылды.
«Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары тік қарлы беткейге шықпағаны абзал. Тауда абай болыңыздар. Көшкін қаупі туралы дауылды ескерту сақталады»,- деп ескертті қалалық ТЖД.



Бүгінгі күні Алматы өңірінде 165 қар жинайтын учаске бар, оның 18-і қауіпті.
Жалпы 16 мәрте қар түсіріліп, профилактикалық жұмыс жүргізілді.


Автожолдардың алдын ала жабылған учаскелерінде жалпы көлемі 320 мыңнан астам куб метр өздігінен түскен 100 ден астам қар көшкінінің деректері тіркелді.


Қар көшкінін алдын ала түсіру жұмысы ұсыным бойынша және «Қазгидромет» РМК қар көшкіні станциялары мамандарының тікелей қатысуымен өтеді.


Қар көшкінін профилактикалық түсіруге Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттық медицина орталығы, төтенше жағдайлар және полиция департаментінің мамандары қатысады.


Айта кетейік, таулы аймақтарда туындайтын қар көшкіні - қайталану және қирату әсері бойынша аса қауіпті табиғи құбылыс.
Қар көшкіні үлкен күшке ие, оның максималды жылдамдығы сағатына 80 км-ге дейін жетуі мүмкін.


Көшкін кезіндегі қар массасының көлемі - бірнеше миллион текше метр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тау #Қар көшкіні #ТЖД #Ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев ел тарихында алғаш рет әкімшілік құқықбұзушылық бойынша рақымшылық жасалатынын мәлімдеді

Бүгін 15:35

«ЖАЗЫЛ ДА, ҰТЫП АЛ!»

Бүгін 15:17

Мұнай бағасы құбылып тұр: Қазақстанға әсері қандай?

Бүгін 14:51

Қазақстан бойынша Ораза айт намазының кестесі жарияланды

Бүгін 14:28

Түрме - соңғы үкім емес

Бүгін 14:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика