AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы тауларында “Бұтақты” визит орталығы ашылды

Алматы тауларында “Бұтақты” визит орталығы ашылды

Алматы 29.03.2026, 10:22 221 Дина
Алматы тауларында “Бұтақты” визит орталығы ашылды
Алматы әкімдігінен

Бутаковка шатқалында жаңа «Бұтақты» визит орталығы салтанатты түрде ашылды. Жобаны «Туранга Групп» ЖШС-гі Іле-Алатау ұлттық саябағымен бірлесіп, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Нысан ұлттық саябақтың 30 жылдығы аясында пайдалануға беріліп, туристік инфрақұрылымды дамытуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және келушілер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Визит орталығы аумағында заманауи қоғамдық дәретханалар, тамақтану орны, тимбилдинг пен шеберлік сабақтарын өткізуге арналған аймақтар, сондай-ақ мектеп оқушыларына, мемлекеттік және жеке топтарға арналған ашық аспан астындағы білім беру және мәдени бағдарламаларға арналған кеңістіктер қарастырылған. Орталықта ұлттық саябақтың жаңа топтамасындағы кәдесый өнімдері мен фирмалық тауарлары ұсынылған. Сонымен қатар, келушілерге ыңғайлы болу үшін жаңартылған навигация және аумақты брендтеу элементтері енгізілген, бұл табиғи саябақты кеңінен танытуға бағытталған.

Жаңа «Бұтақты» визит орталығы экологиялық ағарту, мәдени және білім беру іс-шараларын, эко-белсенділіктерді, шеберлік сабақтарын және тимбилдингтерді өткізуге арналған заманауи алаңға айналады. Бұл тұрақты туризмді дамытуға және Алматы тұрғындары мен қонақтары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Экологиялық туризмді дамыту Алматы қаласы Туризм басқармасының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Мамандар келушілерді табиғатты қорғап, ұлттық саябақ аумағында тазалық сақтауға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

Бүгін 13:06

Нина Лукьяненко: Қазақстандағы тұрғын үй нарығы тоқырау кезеңіне өтті, бірақ алда қайта қымбаттауы мүмкін

Бүгін 12:40

Алматылықтар бизнес бастау үшін 1,7 млн теңгеге дейін грант ала алады

Бүгін 11:46

Алматыда қандай мамандық сұранысқа ие екенін айтты

Бүгін 11:39

Алматының журналистері мен блогерлеріне арналған байқау

Бүгін 11:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);