Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы тағы да ең лас қалалар тізімінде

Алматы тағы да ең лас қалалар тізімінде

Барлығы 28.05.2025, 17:40 594
Алматы тағы да ең лас қалалар тізімінде
gov.kz

Халықаралық IQAir компаниясы жасаған рейтингке әлемнің 125 ірі қаласы кірген.

Алматы қаласы тағы да ауа сапасы нашар қалалар тізіміне енді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 Energyprom мәліметінше, биылғы мамыр айының екінші жартысында Алматы бұл тізімде 42-орыннан көрінді. Қаладағы ауаның ластану деңгейі – орташа, ал ауа сапасының индексі – 61.

Былтырғы деректермен салыстырғанда, мамыр айы – ең нашар кезең емес. Алматыда ауа сапасы ең күрт нашарлайтын уақыт – желтоқсан мен наурыз аралығы, яғни қыстың ең суық кезеңі. Өткен жылдың қаңтар айының ортасында Алматы тіпті нақты уақыттағы рейтингте әлемдегі ең лас қала ретінде тіркеліп, индекс 250-ден асқан болатын. Ауа райы жылынып, қыс аяқталған соң да жағдай біршама жақсармайды. Бұл – оңтүстік астана үшін жыл сайын қайталанатын экологиялық мәселе.

«Қазгидромет» РМК мамандары Алматыны атмосфералық ауаның жоғары және өте жоғары ластану деңгейі бар қалалар қатарына жатқызады. Мұндай қорытынды екі экологиялық көрсеткіш – стандартты индекс және ластанудың ең жоғары жиілігі негізінде жасалған. Соңғы бірнеше жылда Алматыда стандартты индекс көрсеткіші тұрақты түрде 5-тен 10-ға дейінгі аралықта тіркеліп, жоғары ластану деңгейіне сай келген. 2023 жылы бұл көрсеткіш 15,6-ға дейін жетіп, өте жоғары деңгейге жеткен.

Ең жоғары жиіліКккөрсеткіші бойынша да жағдай ұқсас: Алматыда бұл көрсеткіш 20%-дан жоғары болса – жоғары, ал 50%-дан асқанда – өте жоғары деңгейге сәйкес келеді. Бұл көрсеткіштердің жиі қайталануы Алматы ауасының тұрақты түрде ластанатынын білдіреді.

Ауаның ластануына негізгі себеп – автокөлік. Бұл тек болжам емес, Алматы қаласы бойынша шекті рұқсат етілген шығарындылар туралы есепке енген нақты дерек. Үкімет жариялаған құжатқа сәйкес, жылдық 189 мың тонна шығарындылар көлемінің 112,7 мың тоннасы немесе 59,6%-ы автокөлік үлесінде. Тағы 52,1 мың тонна немесе 25%-ға жуығы – стационарлық көздерден шығатын зиянды заттар.
 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қала #рейтинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 16:02

Алматыда жүргізушілер көлігінің шығарындысын тегін тексере алады

Бүгін 15:59

Суасты сырлары: Алматыда ерекше көрме ашылды

Бүгін 15:49

«Тumar tunes» – атты « Тumar KBTU» оркестрінің есептік концерті өтеді

Бүгін 15:29

700-ден астам науқас және 180 ота: Алматыда балалардың көру қабілеті қалай қалпына келтіріліп жатыр?

Бүгін 15:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика