«Алматы Су» бас директоры лауазымына конкурс жарияланды

  • 18:43, 04 қыркүйек 2025
«Алматы Су» бас директоры лауазымына конкурс жарияланды 2gis.kz

Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы  «Алматы Су» ШЖҚ МКК бас директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. 

Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, пошта индексі 050057, Алматы қ., Жароков к-сі, 196, телефон + 7 727 396 95 78.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні Алматы қаласы мен Алматы облысының сумен жабдықтау және су бұру жүйесі саласында қызметтер көрсету болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты елді-мекендерді тіршілікпен (сумен жабдықтау) қамтамасыз ету, күтіп ұстау, пайдалану және техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Кәсіпорын қойылған мақсатты іске асыру үшін қызметтің келесі түрлерін жүзеге асырады:

1. сумен жабдықтау және су бұру;

2. су құбыры желілеріне, сыртқы су құбыры желілері мен құрылыстарға, су бұру желілеріне және сыртқы су бұру желілеріне, жергілікті тазарту құрылыстарына техникалық қызмет көрсету;

3. сумен жабдықтау және су бұру желілеріндегі аппатық-қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;

4. есептеу құрылдарының көрсетілімдерін алу;

5. шикі суларды шығару, жинау;

6. тұтынушыларға жеке есептеу құралдарын алу, орнату және ауыстыру;

7. сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосу, сонымен қатар қайта қосу және оларды ажырату;

8. зиянды заттардың шекті жол берілген шоғырлануының (ЗЗЖБШ) шегінен шыққан ластаушылардан сарқынды суды қосымша тазарту үшін қызмет;

9. су тұтынушылардың меншігіндегі су шығынын есептеу құралдарын тексеру;

10. сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту және салу.

Лицензияланатын қызмет түрлерін Кәсіпорын тек тиісті лицензиялар алғаннан кейін ғана жүзеге асыра алады.

14. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі Кәсіпорынды басқарушы органның немесе Құрылтайшының не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: функционалдық бағыт бойынша жоғары білім. Басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын және осы кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.

Ұйымды басқару мен басқарудың заманауи әдістері, стратегиялық жоспарлау, экономикалық индикаторлар жүйесі, шаруашылық және қаржы шарттарын жасасу және орындау тәртібі, кәсіпорынның экономикасы мен қаржысын басқару, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеу және жасасу және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, өрт қауіпсіздігі талаптары.

Конкурс «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығының негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді E-QAZYNA.KZ веб-порталының TALAPKER ресурсы арқылы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап
7 күнтізбелік күн ішінде жолдау қажет.

Анықтама телефоны: +7 778 945 85 43.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
1
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:43

18:37

17:57

17:54

17:46

17:40

17:39

17:23

16:32

16:20

16:01

15:25

14:53

14:51

14:43

13:41

13:29

12:53

12:52

12:50

12:35

11:22

11:14

11:06

10:39