Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы шомылу маусымында су айдынындағы қауіпсізді...

Алматы шомылу маусымында су айдынындағы қауіпсіздікті күшейтті

Барлығы 07.08.2025, 10:47 633
Алматы шомылу маусымында су айдынындағы қауіпсіздікті күшейтті
ӨКҚ

Су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің негізгі міндетінің бірі. Шомылу маусымы кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында департамент мамандары басқа да құзырлы органдармен бірлесіп күн сайын тынбай жұмыс істеп жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Денис Ярцев жаз кезінде  қолға алынған осындай іс-шаралар туралы айтып берді.

ТЖД мәліметінше, қала мен тауға жақын аумақтарда 44 су айдыны бар болса, олардың 9-ы халық үшін қауіпті деп танылған. Үлкен және Кіші Алматы өзендері, Первомай тоғандары, Сайран көлі, Юннат, Әуежай маңы көлдері мен басқалары қазір осындай қауіпті аймақтың қатарына кірген. 

Алматыда шомылуға рұқсат етілген төрт аймақ белгіленген: Сайран көлінің батыс және шығыс жағалауы, «Гүлдер» демалыс аймағы және Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы бойындағы Баум тоғайының жағажай аймағы. Үлкен Алматы каналын жөндеуден өткізу үшін құрғатып қойған.

«Су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – бір реттік акция емес, бұл алдын алу, цифрландыру, рейдтер мен кең көлемді ақпараттық науқанды қамтитын жүйелі жұмыс», – деп атап өтті Денис Ярцев.

Маусым басынан бері ең қауіпті жерлерде 50 ескертпе жазу мен суға түсуге тыйым салатын 98 белгі қойылыпты. Сонымен қатар, жеті жерде тәулік бойы бақылау жүргізетін интеллектуалды бақылау камералары орнатылған.

Профилактикалық жұмыстарға полиция, әскери қызметкерлер, құтқарушылар мен еріктілер де атсалысып жатыр. Соңғы бірнеше айда қауіпсіздік ережесін бұзған 14 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, су маңында ішімдік ішкен 8 адамға айыппұл салыныпты.

Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бекітілген «Мамыр қаупі» жоспары аясында 25 іс-шарадан тұратын кешенді жұмыс жүргізіле бастады. Ақпараттық-түсіндіру жұмысына ерекше көңіл бөлінген. Маусымның басынан бері мектептерде, ХҚКО-ларда, сауда ойын-сауық орталықтарында, емханаларда, вокзалдар мен метрополитенде бейнероликтер, жадынамалар мен дәрістер таратылып, смартбордтар мен LED-экрандар арқылы қала тұрғындарын құлақтандыру да қолға алынды.

Қорытындылай келе, ӨКҚ алаңында сөйлеген спикер су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – қалалық ТЖД жұмысының басым бағыты екенін, әр алматылық судың жанында абай болуы керектігін ескертіп өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #шомылу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика