конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматы саябақтарында жазғы буккроссинг алаңдары аш...

Алматы саябақтарында жазғы буккроссинг алаңдары ашылады

Мәдени Алматы 26.05.2026, 17:06 287 yakiya
Алматы саябақтарында жазғы буккроссинг алаңдары ашылады
Алматы әкімдігі

Алматы саябақтарында жазғы буккроссинг алаңдары ашылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Биылғы 1 маусымнан бастап Алматыда жазғы буккроссинг алаңдары жұмыс істей бастайды. Бұл алаңдарда қала тұрғындары мен қонақтары кітаптарды тегін алып оқып, өзара алмастыра алады. Жоба зияткерлік демалысты дамытуға және қоғамдық кеңістіктерде кітап оқуды насихаттауға бағытталған.

Кітап сөрелері Ганди және Қарғалы саябақтарында, М. Мақатаев атындағы скверде, сондай-ақ Центральная көшесі, 12Б мекенжайындағы №44 кітапханада орналастырылады. Ал шілде айынан бастап буккроссинг алаңы Гоголь көшесі, 109 мекенжайында орналасқан А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада да ашылады.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы өкілдерінің мәліметінше, кітап сөрелері дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Кітап қоры тұрақты түрде жаңартылып отырады. Сөрелерге көркем әдебиет, танымдық және мотивациялық кітаптар қойылады.

Жоба қалалық кеңістіктерді демалыс орны ғана емес, мәдени әрі зияткерлік байланыс орнататын ортаға айналдыруды көздейді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, буккроссинг форматы тұрғындарға таза ауада кітап оқып қана қоймай, кітаптарын өзге оқырмандармен бөлісуге де мүмкіндік береді

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Бүгін 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Кеше 17:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);