AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / «Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінде...

«Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінде» «Конституция – елдің басты заңы» атты дөңгелек үстел жиыны өтті.

Заң мен тəртіп Бүгін 15:13 81
«Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінде» «Конституция – елдің басты заңы» атты дөңгелек үстел жиыны өтті.

«Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінде» 24 сәуір күні «Конституция – елдің басты заңы» атты дөңгелек үстел жиыны өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Шараның басты мақсаты – Ата Заңның қоғамдағы рөлін ұлықтау, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік құндылықтарды насихаттау болды.

  2026 жыл-еліміздің құқықтық дамуы мен демократиялық жаңғыруы тұрғысынан ерекше маңызға ие кезеңдер орын алды.  Қазақстан қоғамы үшін Қазақстан Республикасының Конституциясы-тек заңдар жиынтығы ғана емес, ол – мемлекетіміздің негізін қалаушы басты құндылық, тәуелсіздіктің символы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Ол әрбір азаматтың өмір сүру құқығын, сөз бостандығын, еңбек ету мүмкіндігін қамтамасыз етуде үлкен рол атқарды. 2026 жылы Конституцияның рөлі бұрынғыдан да арта түстіру мақсатында референдум өткізілді. Қазіргі әлемдегі жаһандық өзгерістер, геосаяси жағдайлар мен технологиялық даму мемлекеттердің құқықтық жүйесін үнемі жетілдіруді талап етті. Халықтың мемлекетке деген сенімін арттырып, демократиялық құндылықтарды нығайтуға ықпал етуде.

Жиынға Ішкі саясат басқармасы, Білім беру ресурстары орталығы, Алматы қаласының Ғылыми-білім беру ортасымен өзара әрекеттесу бөлімінің басшысы Қасыметова Бақытгүл Техникақызы және  Алматы қаласы Ғылыми-білім беру ортасымен өзара әрекеттесу бөлімінің жетекші маманы Абысатова Майя Бахтыбекқызы  мен ұстаздар  студенттер  қатысып, еркін пікір алмасты.

 Дөңгелек үстел барысында Ата Заңның мемлекетіміздің іргетасын қалаудағы тарихи маңызы мен бүгінгі реформалар аясындағы рөлі кеңінен талқыланды.

Талқыланған негізгі мәселелер:

·         Құқықтық мемлекет негізі: Конституция – тек заңдар жиынтығы емес, ол әрбір азаматтың құқығы мен бостандығының кепілі. Жиын қатысушылары заң үстемдігі орнаған қоғамда ғана тұрақты даму болатынын атап өтті.

·         Азаматтық жауапкершілік: Құқықтармен қатар, Конституцияда көрсетілген міндеттерді орындау (табиғатты қорғау, тарихты құрметтеу, Отанды қорғау) – әрбір қазақстандықтың борышы екені сөз болды.

·         Реформалар және болашақ: 2026 жылы 15 наурызда енгізілген конституциялық өзгерістердің мемлекетті демократияландыру жолындағы маңызына сараптама жасалды.

«Конституция – біздің бірлігіміздің тірегі. Заңды білу – заман талабы, ал оны құрметтеу – отансүйгіштіктің белгісі», – деп атап өтті жиын барысында сөз алған колледждің тәрбие ісі жөнінен орынбасары  Омарова Күнімай Нұрлыбаевна мен тарих – география  пәні оқытушысы Керімбекова Аққу Қалибекқызы Конституцияның  жобасын жан- жақты түсіндіріп өтті.

Жиын қорытындысы

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар жас ұрпақ арасында құқықтық тәрбиені күшейту бойынша ұсыныстарын білдірді. Қатысушылар мұндай іс-шаралар азаматтық қоғамның қалыптасуына үлкен септігін тигізетініне сенімді.

Ата Заңымызды ардақтау – елдігімізді ұлықтау. Мемлекеттің басты құжаты алдағы уақытта да еліміздің гүлденуі мен тұрақтылығының берік тұғыры болып қала бермек.

Кошкарбаева Н.С

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық қонақ үй операторы Алматыда жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр

Бүгін 16:37

Мемлекет басшысы Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

Бүгін 16:13

Жасанды интеллект технологияларын қолдануға арналған тақырыптық панельдік сессия өтті

Бүгін 16:02

Алматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа моделін қалыптастыруда

Бүгін 15:53

«Жүрегімде екенсің...» метафизикалық драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика