Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматы қуыршақ театры - үздік ұжым

Алматы қуыршақ театры - үздік ұжым

Мәдениет 03.05.2023, 06:11 1,049
Алматы қуыршақ театры - үздік ұжым
Сурет: Inform.kz

 Алматыда қуыршақ театрларының VI Халықаралық «Ортеке» фестивалі өз мәресіне жетті.


Байқауға Грузия, Түркия, Корея, Өзбекстан және Қырғызстанның қуыршақ театрлары қатысып, көрермен назарына балалар мен ересектерге арналған үздік қойылымдарын ұсынды. Аталмыш байқау Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрында, Мемлекеттік қуыршақ театрында және Тотальный театр сахналарында өтті.



«Ертегілер әлеміне жетелеген қуыршақтар фестивалі жақсы өтті. Спектакльдер көп болмаса да түрі, формасы, мазмұны жағынан әртүрлі болып келді. Тек балалар емес, ересек адамдар  да философияға, ой-толғамдарға жетелейтін қойылымдарды тамашаладық. Дәстүрлі, фольклорлық, жәрмеңкелік спектакльдер болды. Спектакльдердің көркемдік деңгейі жоғары. Кәсіби тұрғыдан өз пікірімізді де айтып отырдық. Қарап отырсақ, қай театр болмасын, барлығы да бір үйдің баласындай тату-тәтті бейбіт ғұмыр кешіп жатқаны қуантады. Қазіргі уақытта 7 мемлекеттік қуыршақ театры бар. Еліміздің драма театрлары қуыршақ өнеріне қызығушылық танытып, қуыршақ труппаларын ашып жатыр. Әр өңірде қуыршақ өнері өркендеп, дамып келе жатқаны біз үшін үлкен қуаныш», – деді қазылар алқасының төрағасы Анар Еркебай.



Фестивальдің қазылар алқасының қатарында Қазақстан, Корея, Грузия және Түркияның театр қайраткерлері болды. Олар актерларға әділ бағаларын берді.


Қуыршақ фестивалінің биылғы жеңімпаздарына келсек, «Ортеке» VI Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің «Ең үздік қойылым» номинациясы бойынша Иакоб Гогебашвили атындағы Кутаиси мемлекеттік кәсіби қуыршақ театрының «Гадкий утенок» спектаклі жеңімпаз атанды. «Ең үздік актерлік шеберлік» аталымы бойынша Е.Локшинаның «Мен бір жұмбақ адаммын. Абай» қойылымы үшін Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры үздік деп танылды. «FFWANG» театрының актері Кван Со Ёнг «Ең үздік қуыршақ жүргізушсі» атанды. Ал «Ең үздік сценография» марапатына Тотальный театр ұжымының «Дюймовочка» туындысы ие болды. «Ең үздік қуыршақ суретшісі» «Ақ кеме» (Ш. Айтматов) қойылымы үшін «Алақай» Ақтөбе облыстық қуыршақ театрының суретшісі Әсия Құрманалинаға бұйырды. «Ортеке» фестивалі ұйымдастыру комитетінің арнайы жүлдесімен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (Ғ.Мүсірепов) қойылымы үшін Маңғыстау облыстық қуыршақ театры марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қуыршақ театры #үздік ұжым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Кеше 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Кеше 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Кеше 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Кеше 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Кеше 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика