AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Алматы қуыршақ театры «Шомбай-fest» халықаралық фе...

Алматы қуыршақ театры «Шомбай-fest» халықаралық фестивалінің жеңімпазы атанды

Әлем Бүгін 17:42 41 yakiya
Алматы қуыршақ театры «Шомбай-fest» халықаралық фестивалінің жеңімпазы атанды

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алматы мемлекеттік академиялық қуыршақ театры 2026 жылы 17-22 маусым аралығында Ресей Федерациясының Татарстан Республикасы Қазан қаласында өткен VI «Шомбай-fest – 2026» халықаралық қуыршақ театрлары фестиваліне қатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Театр ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған «Ортеке» спектаклін ұсынып, қазылар алқасының шешімімен «Үздік спектакль» номинациясы бойынша Бас жүлдеге ие болды.

Ауқымды фестивальге Қазақстаннан, Африка елдерінен, Серб Республикасынан және Ресейдің түрлі өңірлерінен келген 150-ден астам қуыршақ өнерінің шеберлері қатысты. Байқау бағдарламасында 14 театр ұжымы өнер көрсетті.

Фестиваль қазылар алқасының төрағасы, белгілі режиссер әрі продюсер Давид Бурман бас жүлдені беру туралы шешім бірауыздан қабылданғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазылар алқасының барлық мүшесі қазақстандық ұжымның жұмысын фестивальдегі ең үздік қойылым деп таныған. Сонымен қатар Давид Бурман Алматы қуыршақ театрын 2027 жылы Санкт-Петербург қаласында өтетін «КУКART» халықаралық фестиваліне қатысуға шақырды.

«Ортеке» спектаклі кәсіби қазылар алқасына ғана емес, фестиваль көрермендеріне де ерекше әсер қалдырды. Театр мамандары, мәдениет сарапшылары, балалар мен ата-аналар қойылымды жарқын, әсерлі, тартымды әрі шынайы эмоцияға толы туынды ретінде бағалады.

«Бұл спектакль ежелгі әрі қасиетті дәстүрлерге деген терең құрметті көрсетеді. Дәстүрді сақтау өте маңызды. Өкінішке қарай, барлық ел бұған жеткілікті көңіл бөле бермейді. Ал шын мәнінде, дәстүр – халықтың баға жетпес мұрасы. Сіздер оны көздің қарашығындай сақтап, кеңінен насихаттап жүрсіздер. Жарайсыздар!», - деді Мали Республикасындағы «Sogolon» қуыршақ театрының режиссері Яя Кулибали ұлттық дәстүрдің сахналық көрінісіне ерекше тоқталып.

«Бұл жай ғана спектакль емес. Бұл қазақ халқымен шынайы танысу. Ұлттық музыкалық аспаптар, киімдер мен әшекейлер арқылы көрерменге тұтас бір мәдениет әлемі ашылады. Көргеніме шын жүректен тәнтімін. Актерлердің ойыны мен қойылымның көркемдік деңгейі ең жоғары бағаға лайық», - деді Татарстан Республикасының халық артисі, Татар мемлекеттік академиялық «Экият» қуыршақ театрының актрисасы Рамзия Безус.

«Ортеке» спектаклі – Алматы мемлекеттік академиялық қуыршақ театрының 90 жылдық мерейтойы аясында сахналанған сторителлинг жанрындағы бірегей қойылым. Оның негізіне көне қазақтың ортеке қуыршағы мен қазақ ауыз әдебиетінің танымал туындылары арқау болған. Қойылым барысында көрермендер қазақтың бай рухани мәдениетіне терең бойлап, ұлттық музыкалық аспаптардың үнін, жанды вокалдық орындауды тыңдап, тәрбиелік мәні зор оқиғалармен танысады.

Спектакльдің режиссері әрі идея авторы – Григорий Лайко. Қоюшы-суретшісі – Мерей Ынтымақов. Музыкалық безендіру авторы – Давид Литвинов. Балетмейстері – Ринат Билибаев.

Қойылымда Бақытжан Қаюов, Әсемгүл Мансұрова, Шоқан Құлназаров, Мейірхан Батырханов және Әлияр Нұраділ өнер көрсетеді.

Бұл жеңіс бір театр ұжымының жетістігі ғана емес, сонымен қатар қазақ қуыршақ өнерінің халықаралық деңгейде мойындалуының, оның табысты дамуы мен әлемдік мәдени кеңістіктегі орнының нығая түскенінің жарқын дәлелі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#театр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан мен Еуропалық Одақ стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңін бастайды

Бүгін 17:39

Алматыда автобус жүргізушісі көз жұмды

Бүгін 17:20

Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды

Бүгін 15:24

Алматы тұрғындарына күн өту мен ішек инфекцияларынан сақтану жолдары ескертілді

Бүгін 15:03

Алматы дәрігері балалар мен ересектердегі күн өтудің белгілері туралы еске салды

Бүгін 15:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);