AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматы Қуыршақ театры «Алты жасар Алпамысты» сахна...

Алматы Қуыршақ театры «Алты жасар Алпамысты» сахналады

Мәдени Алматы Бүгін 12:05 66
Алматы Қуыршақ театры «Алты жасар Алпамысты» сахналады
Алматы Қуыршақ театры

Еліміздің мәдени астанасына айналған әсем Алматының төріндегі Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры өзінің 91-маусымын ерекше сән-салтанатпен ашты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мерекелік іс-шарада Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев сөз сөйлеп, әріптестерін жаңа маусыммен құттықтады.

"Елімізде жетпістен астам театр бар. Ал баланы жастайынан театр өнерімен таныстырып, сахна мен көрермен туралы түсінігін қалыптастыратын, театр мәдениетіне баулитын бірден бір орын – осы қуыршақ театры. Осындай маңызды істі атқарып жүрген баршаңызға қала басшысы Дархан Амангелдіұлының атынан ел мәдениетіне сіңіріп жатқан еңбектеріңіз үшін зор алғыс білдіремін", – деді ол.

Мерекелік іс-шарада театр өнерінің өркендеуіне ғұмырын арнаған ардагерлер мен бүгінгі майталмандар да қызыл кілемнен жүріп өтті. Өнер қайраткерлеріне және театр қызметкерлеріне мерейтойлық төсбелгілер табысталды. Іс-шара аясында еңбегі көпшілік қауымның көзіне түсе бермейтін қуыршақ жасайтын шеберлер, сахналық киім тігетін тігіншілер, суретшілер мен техникалық қызметкерлерге де құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.

Алматы Мемлекеттік академиялық қуыршақ театрының 91-ші маусымы "Алты жасар Алпамыс" қойылымымен ашылды. Бұл – Абдолла Қарсақбаевтың әйгілі көркем фильмі желісімен сахналанған, алғаш рет қуыршақ бейнесінде ұсынылып отырған тың туынды.

Спектакль режиссері Шоқан Күлназаров осынау классикалық туындының қуыршақ театрының тарихында қалдырғысы келгенін жеткізді. Иә, "Алты жасар Алпамыстың" биік мұраты бұл жолы қуыршақ театрының шап-шағын сахнасына да сыйып кетті. Сөйтіп бала қиялының шексіз әлеміне жол тартты. Бұл – халықтық мұраны баланың қабылдауына жақын көркем тілмен сөйлеткен, қуыршақ өнерінің мүмкіндігін кеңінен танытатын сахналық туынды. Мұнда берекесі ұйыған қазақы ауылдың болмысы да, ондағы үлкен-кішінің қоңырқай тіршілігі де, кішкентай баланың арманшыл әлемі де, тіпті дала төсінде түтінін будақтатып кетіп бара жатқан трактор да қуыршақ театрының шартты формасы арқылы жаңаша сипат алады.

"Бұл фильмді бала кезімде көргенмін. Алпамыстың үлкендердің "сен әлі өскен жоқсың, жасың толған жоқ мектепке" дегеніне қарамастан алға ұмтыла түсетін табандылығы, білімге құштарлығы, мектеп партасына отыруға асығуы кішкентай Шоқанға әсер еткен болатын сол кезде. Бүгінгі балалар да дәл сондай шабыт алса, мақсатшыл болса деген ойдан туған шығарма еді. Шыны керек, қазіргі интернет заманының балаларын ұстап отыру оңай емес. Бірақ біз Алпамыстың оларды баурап алатынына сенеміз", – дейді режиссер Шоқан Күлназаров.

Қойылымдағы әр қуыршақ сыртқы пішінімен ғана емес, қозғалысымен, мінезімен де назар аудартады. Әсіресе, сұрақ қоюдан жасқанбайтын жас Алпамыстың бейнесінен балалық аңғалдық пен болашақ білімпаз азаматтың қайсарлығы қатар көрінеді. Осы балалық болмыстың арғы жағынан болашаққа бастайтын ішкі қуат байқалады. Оның айналасындағы Мұнар атасы мен Қалихан досы секілді басты кейіпкерлер де қуыршақ театрының өзіндік эстетикасымен сомдалған.

Сахна пердесі жабылғанымен, Алпамыстың кішкентай тұлғасы көрерменнің көңілінде қалғаны сөзсіз. Өйткені оның бойындағы ең үлкен күш – тұнық арманында. Ал арман бар жерде бала қиялы да, өнер де өмір сүре береді.

"Алты жасар Алпамыс" спектаклінде Толқын Тілеулиева, Гүлім Рахимова, Рауан Укарова, Эльмира Құмарова, Мейірхан Батырханов, Ханшайым Серікова, Ұлан Адамбаев және Бота Табылдиева өнер көрсетті.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әуезов театры: 100-маусым жалғасады...

Бүгін 12:50

Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда заң шығарушы органдардың атқаратын рөлі зор - Тоқаев

Бүгін 12:04

Президент Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Спикері Чо Чжон Шикпен кездесті

Бүгін 11:39

Алматыда Қала күніне орай биіктігі 3,5 метрге дейін жететін ағаштар мен ерекше өсімдіктер егіледі

Бүгін 11:26

Қазақстан Парижде ұлттық тағамдарды таныстырды

Бүгін 10:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);