Мамандар ата-аналарды, балаларды су айдынындағы талапты бұзбауға, көше мен үйдегі қауіпсіздік ережелерін орындауға шақырады.
Апаттардың көпшілігі жабдықталмаған су қоймаларында орын алады. Алматы қаласының ТЖД қызметкерлері талапты орындауға және қауіп төндірмеуге шақырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде 9 маусымда өткен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, полковник Ерлан Әлібеков қала тұрғындарын судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды, тыйым салынған орындарға бармауды ескертті.
Ерлан Әлібеков барлық құтқарушылар қала тұрғындарының «жабайы» жағажайлар мен демалыс орындарына баруына алаңдайтынын айтты. Оның айтуынша, кейбір жағажайларда су ағыны қатты, ағымдар, тереңдіктің күрт өзгеруіне ықпал ететін жартастар, сынған плиталар мен әйнек болуы мүмкін.
Спикер бүгінде Алматы қаласында шомылуға рұқсат етілген 4 орын барын еске салды, олар:
- Сайран көлі – Төле би көшесінен оңтүстік бағытта 200 метр – Алмалы ауданы;
- Сайран көлі – Төле би көшесінен пирске дейін оңтүстік бағытта 300 метр – Әуезов ауданы;
- Д. Қонаев атындағы ҮАК – Баум тоғайы – Түрксіб ауданы;
- Д. Қонаев атындағы ҮАК – демалыс аймағы Гүлдер – Жетісу ауданы.
«Сайран» көлінің рұқсат етілген жерлерінде шығыс пен батыс жағынан буйкалар орнатылған.
Үлкен Алматы каналына (Баум тоғайы, Гүлдер демалыс аймағы қайта құруға байланысты) осы жылы су толтыру жоспарланбаған.
Ерлан Әлібековтің айтуынша, «жабайы» жағажайларда шомылу қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін екенін ескертті. Полковник ата-аналардың жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне жете назар аударуды айтты.
Спикер жыл сайын Алматының жағажайларында адам өлімінің орын алатынын еске салды. Ерлан Әлібековтың пікірінше, тәжірибе мен бақылауға қарамастан қайғылы оқиғалар ереженің бұзылуынан болады.
Полковник ТЖ департаментінің қызметкерлері полицейлермен бірлесіп күн сайын ҚР әкімшілік кодекснің 440-бабы бойынша (спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде болу) тәртіп бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартуда әрі су айдындарының аумағында патрульдер кезекшіліктерін атқаруда. Жаз маусымында тәртіп бұзған 15 адамға айыппұл салынды.
Алматы қаласының Сайран көлінде құтқару қызметінің маусымдық бекеті қойылып, шомылуға тыйым салатын 14 тақтайша орнатылды. Әуежай көлінде стационарлық құтқару бекеті жұмыс істейді. Сондай-ақ осы жазда Алматы су айдындарында құтқарушылар, суда құтқару жасағының қызметкерлері, полиция қызметкерлері мен ҚР Ұлттық ұланының №5571 «Оңтүстік» бөлімінің әскери қызметшілері кезекшілік етеді. Енді құтқарушылар тек қайықтарда ғана емес, дронның көмегімен қауіпсіздікті қадағалайтын болады.
Ерлан Әлібеков су айдындарында сақталуы тиіс бірнеше талаптарды айтты.
«Рұқсат етілген жерде ғана шомылыңыз, жағалаудың қоршау белгілері мен буйкаларынан алыс жүзуге болмайды. Егер сіз рұқсат етілген жерде шомылсаңыз, белден жоғары суға түспеңіз. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Қайықтардан, көпірлер мен айлақтардан суға секірмеңіз. Түнгі уақытта, тау өзендерінде мас күйінде шомылмаңыздар», – деп ескертеді Алматы ТЖД бастығының орынбасары.
Өз кезегінде Алматы қаласы Білім басқармасының адамгершілік-рухани тәрбие мен өзін-өзі тану бөлімінің басшысы Нұргүл Тау ата-аналарды балаларды су айдынындағы талапты бұзбауға, көше мен үйдегі қауіпсіздік ережелерін орындауға шақырады.