AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы қоғамдық кеңесі үш жылда азаматтардың жүзде...

Алматы қоғамдық кеңесі үш жылда азаматтардың жүздеген өтінішін шешуге атсалысты

Барлығы 22.04.2025, 12:10 840 dulatbekova
Алматы қоғамдық кеңесі үш жылда азаматтардың жүздеген өтінішін шешуге атсалысты
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда 2022–2024 жылғы III шақырылымдағы Қоғамдық кеңестің жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Ақпараттың ресурс орталығы» ҚҚ директоры, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің  төрағасы Алтынай  Көбеева хабарлады.

Оның айтуынша, 3 жылда Қоғамдық кеңес 40 жалпы отырыс өткізіп, онда 61 өзекті мәселені қараған. Президиумның 26 отырысын, комиссияның ай сайынғы бес кездесуін өткізген.  Соның арқасында кеңестің құрамына резервтегі тізімде тұрған 15 адам қосылған жаңадан. 

«Біз осы уақыт аралығында сегіз аудандық әкімдіктің, 76 мемлекеттік органның,  мекемеге қарасты 61 ұйымның есебін тыңдадық. Оның көбіне ұсыныс әзірлеп, қазір солар жүзеге асып жатыр»,- деді   Алтынай  Көбеева. 2023 жылғы сәуір айынан 2025 жылғы наурыз айына дейін сегіз ауданда 176 диалог өтіп, оған 5292 адам қатысты. Олар – кеңес мүшелері, эксперттер, мемлекеттік қызметтің өкілдері мен қала тұрғындары.

Эксперттік топ ерекше назар аударған бағыттың бірі — соңғы үш жылда 85 қоғамдық мониторинг өткізіліп, 262 нормативтік құқықтық актіге сараптама жасалды.

Сонымен бірге экология, денсаулық сақтау, рухани тәрбие, қоғамдық көлік, сервистік полицияға қатысты ең маңызды мәселелер қаралған 6 қоғамдық тыңдау ұйымдастырылып,  28 дөңгелек үстел, қала және аудан әкімдерімен 140 кездесу өтті.

«Қоғамдық кеңес – қала тұрғындарының алаңдатқан қоғамдағы түйіткілді әрі өзекті мәселелерді шешетін маңызды алаңға айналды. Үш жылда қала тұрғындары мен заңды тұлғалардан 891 өтініш түсіп, 795 өтінішке нақты жауап берілді»,- деп толықтырды Көбеева. 

Басқармалардың бюджетіне мониторинг жасаудан бастап әлеуметтік маңызы бар мәселелерге ұсыныс енгізуге дейінгі дүниелерді қамтыған 18 іс-шара өткізілді. Ақпараттық жұмыс жүргізіліп, ресми сайт пен әлеуметтік желіге 1366 мақала шықты.  Кеңес мүшелері де өзінің жеке парағында жұмыс барысын көрсетіп отырды.

«Қоғам мен биліктің арасында дәнекер болып, байланыс орнатуда Қоғамдық кеңестің орны ерекше екенін уақыттың өзі дәлелдеді. Қаланы қолдан келгенше алматылықтарға қолайлы етіп, ізгілендіру үшін кез келген адамның  арыз-шағымын аяқсыз қалдырмауға барымызды салып жатырмыз», - деп түйіндеді Алтынай Көбеева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қоғамдық кеңес #қорытынды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалады

Бүгін 15:48

Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты

Бүгін 15:04

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 14:04

Алматыда колледждерге мемлекеттік тапсырыстың басым бағыттары бекітілді

Бүгін 12:16

Отбасы – бақыт мекені: Алматыда «Толағай жолы: Әке мен бала» эстафетасы өтті

Бүгін 12:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);