AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Алматы қаласының Мәслихатына жаңа депутат сайланды

Алматы қаласының Мәслихатына жаңа депутат сайланды

Билік Бүгін 18:44 42 yakiya
Алматы қаласының Мәслихатына жаңа депутат сайланды

Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңына сәйкес, «AMANAT» партиясының тізімі бойынша Алматы қаласы Мәслихатының депутаттық бос мандаты Досбол Мәлікомарұлы Жылқыбаевқа берілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Еске салсақ, «AMANAT» партиясынан сайланған депутат Игорь Проценконың өкілеттігі жеке өтінішіне сәйкес мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты депутаттық корпуста бос орын қалыптасқан.

Досбол Жылқыбаев – қазақстандық кәсіпкер және қоғам белсендісі. 1984 жылы 27 қыркүйекте Жамбыл облысы Сарысу ауданында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» және «кеден ісі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

2020 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесі. Бұған дейін
VII шақырылымдағы Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты ретінде кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комиссия құрамында жұмыс атқарған. Кәсіпкерлік саласында және халықаралық іскерлік байланысты дамыту бағытында көпжылдық тәжірибесі бар. «DVERI CITY» дүкендер желісінің негізін қалаушы.

Досбол Жылқыбаев қоғамдық және қайырымдылық қызметпен белсенді айналысады. Әр жылдары Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіп, пандемия кезеңінде «Біз біргеміз» акциясына қатысқан. Сонымен қатар, жас спортшыларды, балалар мен қарттар үйлерін тұрақты қолдап келеді. Қоғамдық қызметі мен ел дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар мемлекеттік және қоғамдық наградалармен, оның ішінде «Құрмет» орденімен және «Халық алғысы» медалімен марапатталған.

«Досбол Мәлікомарұлының өкілді органдағы тәжірибесімен қатар, кәсіпкерлік, құрылыс, қалалық инфрақұрылым және әлеуметтік жауапкершілік салаларындағы тәжірибесі мол. Оның кәсіби және қоғамдық қызметі Алматы тұрғындарымен тиімді байланыс орнатып, қаланың одан әрі дамуына нақты үлес қосуға мүмкіндік береді деп сенемін», – деді Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қалалық мәслихат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес»

Бүгін 18:41

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің цифрландыру және ЖИ саласындағы стратегиялық бағдарын баяндады

Бүгін 18:38

Мемлекет басшысы саммитте талқыланатын жасанды интеллект және цифрлық дамудың өзектілігіне назар аударды

Бүгін 18:35

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды»

Бүгін 18:30

Мемлекет басшысы: «Бүгінде Түркістан – көне мен келешекті тоғыстырған шырайлы шаһар»

Бүгін 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);