AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласының Бостандық ауданында 480 орындық ж...

Алматы қаласының Бостандық ауданында 480 орындық жаңа балабақша салынады

Әлеумет 24.11.2023, 11:27 1,293
Алматы қаласының Бостандық ауданында 480 орындық жаңа балабақша салынады
Сурет: Aлматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңа балабақша Алматының Бостандық ауданында мектепке дейінгі мекемелеріндегі орын тапшылығын төрттен біріне азайтуға мүмкіндік береді..


Алматы қаласының Бостандық ауданында 480 орындық жаңа балабақша салынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Алматы қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру аясында Бостандық ауданындағы Орбита-3 шағын ауданында 480 орындық жаңа балабақша ашылады. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында мектепке дейінгі мекемені салу жөніндегі жоспармен танысты. Балабақша 2 га алаңда орналасқан 2 ғимараттан тұратын бұрынғы №1 балалар үйінің орнында салынады. 



Нысан 2021 жылы коммуналдық меншікке берілді. Құрылыс басқармасы білім басқармасымен бірлесіп ғимаратты қайта құру туралы шешім қабылдады. Құрылыс басқармасының басшысы Алмас Шабдарбаев қала басшысына жобаға сәйкес нысанда үй-жайларды қайта жоспарлау, тірек конструкцияларын күшейту, қолданыстағы галереяны бұзу және аумақты абаттандыру қарастырылғанын баяндады. 


Бұрынғы балалар үйінің бос тұрған ғимаратын балабақшаға қайта жаңарту мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығын 25% - ға төмендетуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Бостандық ауданында 2 мыңнан астам бала балабақшаға кезекте тұр. 


Қала басшысы мердігерді анықтау рәсімін жеделдетуді және ағымдағы жылдың соңына дейін конкурс өткізуді тапсырды. Құрылыстың нормативтік мерзімі - 12 ай. Осылайша, нысанды тапсыру мерзімі 2024 жылдың соңы мен 2025 жылдың басына белгіленген. 


Анықтама:


Бостандық ауданында ағымдағы жылы 603 орындық қосымша 15 жеке блбабақша ашылды. "Акварель" тұрғын үй кешенінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 300 орындық №189 балабақша пайдалануға берілді. Навои көшесіндегі №113 бөбекжай ғимаратын сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Бостандық ауданы #балабақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлыстың Ұлы Күні Алматыда «Ар ма, Әз Наурыз!» атты дәстүрлі музыка концерті өтті

Бүгін 13:41

Президент үндеу жасады

Бүгін 12:42

«Жұлдызды Алматы»: Астана алаңында Наурызға арналған мерекелік концерт өтті

Бүгін 12:36

Алматы көшелерінде этноансамбль өнер көрсеткен музыкалық автобус жүріп өтті

Бүгін 11:28

Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына өтті

Бүгін 10:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика