AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласының Бас жоспары қайта жасалады

Алматы қаласының Бас жоспары қайта жасалады

Әлеумет 16.06.2022, 14:12 1,129 Almaty-akshamy
Алматы қаласының Бас жоспары қайта жасалады
Cурет: Almaty.tv

Жаңа құжатты жыл соңына дейін аяқтау көзделген


Алматы қаласы мен агломерациясын дамытуға арналған ортақ жаңа бас жоспар жасалады. Бұл туралы бүгін қала әкімі Ерболат Досаев қала құрылысшылары форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv–ге сілтеме жасап.  


Ол 2040 жылға дейінгі мерзімді қамтиды. Жаңа құжатты жыл соңына дейін аяқтау көзделген. Мегаполис басшысы білікті сәулетшілермен қаланы одан әрі дамыту жайын және алда тұрған сын-қатерлерді талқылады. Қала құрылысынан бөлек, Алматы агломерациясына мән беру керектігі айтылды. Әкімнің сөзінше, бүгінде қала мен қала маңындағы аумақтарды бірдей дамыту маңызды. Әсіресе көлік инфрақұрылымын жетілдіру керектігі сөз болды. Жаңа бас жоспарда агломерацияның урбандалу процесін жеделдету тетіктері де қарастырылмақ.



«Бірнеше жыл бойы Алматы әкімдігі бас жоспарға түзетулер енгізуге жұмыс жасады. Үлкен жұмыс атқарылды. Бірақ ол бас жоспар бұрынғы 2002 жылғы жоспарларды база ретінде алған. Одан бері жиырма жыл өтті. Қазір қала да, экономика да, Алматы облысы да өзгерді. Сондықтан мен жоспарды жақсартуға атсалысқан азаматтарға алғыс айтқым келеді», – деді  Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.



Алматыда құрылысшылар кеңесі қайта құрылады. Ол әкімдікке тиесілі болмайды, бірақ кәсіби мамандардан жасақталып, құрылысқа қатысты кеңес беретін алаң болмақ. Қала құрылысшылар одағы президентінің айтуынша, бұл мегаполистің мәселелерін шешуге және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру үшін қызмет етеді. Дұрыс қала құрылысы саясатын жүргізуге мүмкіндік бермек.



«Әкімдік жанында бұрын құрылысшылардан құрылған кеңес болатын. Онда кәсіби сәулетшілер қала құрылысына қатысты жобаларын талқылап, електен өткізетін. Үш жылдан кейін кеңес қайта жұмысын бастайтын болды», – деді «Қазақстан қала құрылысшылары одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті Любовь Нысанбаева.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бас жоспар #әкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қолшатыр қауіпсіздікке қалқан бола ала ма?!

Бүгін 12:35

Әскери оркестр әуенімен өткен соңғы қоңырау: Алматыдағы №210 мектеп-лицейде ерекше шара өтті

Бүгін 12:06

Алматыда жаңа форматтағы емхана салынады

Бүгін 11:41

Алматыда 15 мыңнан астам қыз бала HPV-ге қарсы вакцина алды

Бүгін 11:25

Алматыда қатерлі ісікті ертерек анықтай бастады

Бүгін 11:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);