AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласының барлық ауданында рұқсат етілмеген...

Алматы қаласының барлық ауданында рұқсат етілмеген жарнама жойылып жатыр

Әлеумет 09.04.2024, 07:29 1,057
Алматы қаласының барлық ауданында рұқсат етілмеген жарнама жойылып жатыр
Сурет: Aлматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды, оның аясында қаланың барлық ауданында рұқсат етілмеген жарнама жойылады.


Әуезов ауданында кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі «Алматы - біздің ортақ үйіміз» эконауқаны аясында рұқсат етілмеген жарнаманы жою мәселесі бойынша бизнес нысандарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әкімдік қызметкерлері 251 нысанды аралады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Түрксіб ауданында рұқсат етілмеген жарнаманы жою Жансүгіров, Бекмаханов, Іле трактісі, Шемякин көшелерінде жүргізіледі. Әдетте, рұқсат етілмеген жарнама дәмханалар, дүкендер және т.б. кәсіпкерлік нысандарының жанында орнатылады. Барлығы 200 нысан қамтылды.


Алатау ауданында рұқсат етілмеген жарнаманы жою үшін 100-ден астам адам, сондай-ақ 50-ден астам техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, 3 бригада аялдамаларды бояумен және жуумен айналысады.




Жетісу ауданында Солтүстік айналма көшесі, Райымбек даңғылы, Рысқұлов даңғылы бойынша рұқсат етілмеген жарнамаларды жою жұмыстары жүргізілуде. Шамамен 30-40 адам атсалысады.



Наурызбай ауданында Жандосов көшесінің бойында кәсіп иелері 20-дан астам жарнамалық баннерді алып тастады.
Барлық ақпарат almaty.kz сайты мен Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады. Сондай-ақ, қаладағы баннер, плакат және афишалардағы арнайы QR-код арқылы веб-сайтқа кіруге болады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ортақ үйіміз #науқан #жарнама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

27 сәуірге арналған ауа райы мәліметі

Бүгін 08:30

Кітап оқудың маңызы зор

Кеше 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Кеше 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Кеше 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Кеше 12:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика