Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласының аумағында құрылыс салудың жаңа ре...

Алматы қаласының аумағында құрылыс салудың жаңа регламенті енгізілді

Әлеумет 07.07.2022, 10:09 1,019
Алматы қаласының аумағында құрылыс салудың жаңа регламенті енгізілді
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 20 маусымдағы шешімімен Алматы қаласында құрылыс жүргізу регламентіне толықтырулар енгізілді.


Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 



"Атап айтқанда, әл-Фараби даңғылының оңтүстігіне қарай биіктігі 15 метрден аспайтын денсаулық сақтау және білім беру объектілерін салу параметрлері айқындалды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін бөлуге және тау бөктерлеріне, сондай-ақ 15 градус және одан да тік құзды алаңдарға шағын қабатты ғимараттар салуға жол берілмейді", - деді қала басшысы. 



Абайдың оңтүстігі мен әл-Фарабидің солтүстігіне қарай тұрғын үй ғимараттарының қабат саны парапеттің жоғарғы жағына дейін ең жоғары биіктігін 35 метрден асырмай, 
9 қабатқа дейін шектелді және жайлылығы III кластан төмен емес тұрғын үй ғимараттарының параметрлерін қолдану белгіленді.



"Сонымен қатар, біз осы жылдың 1 тамызынан бастап қаланың Қала құрылысы кеңесінің қызметін жаңа форматта қайта бастауды жоспарлап отырмыз. Онда іске асыруға ұсынылатын қала құрылысы және сәулет жобалары бойынша шешімдер тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, ашық талқылау арқылы қабылданатын болады", - деді Ерболат Досаев.



.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылыс салу #жаңа регламент #әкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін - Қадір түні. Қасиетті түнді қалай өткізу керек?

Бүгін 14:39

Наурыз мейрамында 11 мың домбырашы Қазақстан рекордтар кітабына жаңа жетістік енгізбек

Бүгін 14:28

Алматыда балаларды оңалтудың ең көне орталықтарының бірі — «Алау» жаңартылуда

Бүгін 14:25

Алматылық спортшы қыздар әйелдер күресінен Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетті

Бүгін 14:20

Алматылықтарға Назарбаев даңғылында жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалысқа енгізілетін шектеу туралы ескертілді

Бүгін 14:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика