AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласының Әуезов ауданында 2700-ден астам а...

Алматы қаласының Әуезов ауданында 2700-ден астам адам әлеуметтік көмек алады

Әлеумет 02.12.2021, 07:32 1,148
Алматы қаласының Әуезов ауданында 2700-ден астам адам әлеуметтік көмек алады
Сурет: Gov.kz

Бұдан өзге, қала тұрғындарын жұмысқа орналастыру бойынша бағдарламалар жұмыс істейді.


Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында осы мақсаттарға 2021 жылы 189 миллион теңге бағытталғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


 Сайран Сайфеденов атап өткендей, ауданда 584 отбасынан 2 784 адам АӘК алады. Отбасының бір мүшесіне ай сайынғы төлемдердің орташа мөлшері 8 571 теңгені құрады.


Ауданда халықтың аз қамтылған әлеуметтік осал топтарынан барлығы 14 378 адам бар. Оның ішінде 6 707 мүгедек, 3 756 көп балалы және аз қамтылған отбасы, 3 915 ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер бар.


Аудан әкімдігінің волонтерлері мен қызметкерлері биыл 4 541 отбасын қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етті: «Халық» қорынан 648 мұқтаж отбасыға және демеушілерден 3 893 отбасына көмек көрсетілді.


Бұдан өзге, қала тұрғындарын жұмысқа орналастыру бойынша бағдарламалар жұмыс істейді. Осы жылы Әуезов ауданында 5 000-нан астам тұрғын жұмыспен қамтылды.


Жергілікті атқарушы органдар жұмыс іздеуге көмектесіп қана қоймай, біліктілікті арттыру курстарына жібереді, өз ісін ашуға жәрдемдеседі, жаңа дағдыларға үйретеді, - деді аудан әкімі.



Мысалы, «Еңбек» бағдарламасы бойынша биыл 5085 адам жұмысқа орналастырылды: тұрақты жұмысқа – 3 048, әлеуметтік жұмыс орындарына – 175, қоғамдық жұмыстарға – 1 200, жастар тәжірибесіне оқу орындарының 267 түлегі жіберілді. Бизнес ашуға 203 алматылық грант алса, қысқа мерзімді курстардан 163 адам өтті және 29 адам алғашқы жұмыс орнына қызметке орналастырылды.



Сайран Сайфеденов жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік бейімделуге және кәсіптік бағдар беруге де ықпал ететінін атап өтті. «Қолдау» бағдарламасы бойынша Әуезов ауданының 14 тұрғыны өз бизнесін ашуға 2-5 миллион теңгеге дейін грант алды. Гранттық қолдаудың жалпы сомасы 45 миллион теңгеден асты.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әуезов #әлеумет #грант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та жазушы Мұхтар Мағауиннің бейітінің басына құлпытас қойылды

Бүгін 12:19

Нұраділ Әлжан Тәжікстандағы Grand Slam турнирінде қола жеңді

Бүгін 11:59

Алматыда бірнеше көшеде жарық уақытша өшеді

Бүгін 11:47

Алматыда тауда кәмелетке толмаған қыздар адасып кеткен

Бүгін 11:31

Алматылық дәрігерлер жаттығу кезінде омыртқасы сынған жасөспірімді аман алып қалды

Бүгін 11:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);