конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы қаласының Алмалы ауданында 60 тұрғын үйдің...

Алматы қаласының Алмалы ауданында 60 тұрғын үйдің қасбеті жаңарады

Алматы 01.04.2026, 12:15 477
Алматы қаласының Алмалы ауданында 60 тұрғын үйдің қасбеті жаңарады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласының Алмалы ауданында 60 тұрғын үйдің қасбеті жаңарады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап беріп, абаттандыру, жолды жөндеу мен қалалық ортаны дамытуға қатысты жоспарларын айтты.

Көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетін жаңарту – аудандағы биылғы ең негізгі жұмыстың бірі болып қалған.

«Биыл шамамен 60 көпқабатты тұрғын үйдің қасбетін ретке келтіру жоспарланып отыр. Назарбаев даңғылы, Абай даңғылы мен Абылай хан даңғылы сияқты үлкен көшелерге көп көңіл бөлмекпіз. Тарихи орталықтың көрікті әрі ұқыпты болып тұрғаны жақсы ғой», – дейді аудан әкімі.

Сондай-ақ брифинг барысында қыс мезгілінен кейінгі жол жабынының жай-күйі де сөз болды. Аудан басшысының айтуынша, жолтақта (брусчатка) төсеуді маусымдағы жағдайға байланысты уақытша тоқтатыпты.

«Брусчатка – бұл жерді қазып біткеннен кейін, мысалы, кәріз немесе жылу желісін жөндеген соң қолданылатын мәжбүрлі әрі уақытша шара. Қыста асфальт зауыттары жұмыс істемейді, сондықтан жөнделген жерді уақытша брусчаткамен жаба тұрамыз. Бұл көлік қозғалысын тоқтатпай, шұңқырларды ашық қалдырмау үшін қажет. Біз бұл процесті қатаң бақылауда ұстаймыз. Күн жылынған соң коммуналдық қызметтер қайта оралып, брусчатканың орнына толыққанды асфальт төсеп шығады», – деп түсіндірді әкім.

Асфальт зауыттары іске қосылғаннан кейін ауданда шұңқырларды жөндеу жұмысы басталып кетті.

«Жұмысты бірден бастадық. Қазір Тастақ ықшамауданын, сондай-ақ Төле би көшесі мен Әуезов көшесін жөндеп жатыр», – деді Арман Шамшин.

Жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамытуға да ерекше назар аударылды. «Халық қатысатын бюджет» аясында қаланың тарихи орталығында бірыңғай серуендеу бағытын қалыптастыру үшін көп жұмыс істеліп жатыр.

«Өткен жылы біз Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейінгі аумақты абаттандыруды бастадық. Биыл бұл жұмыс Наурызбай батырдан Масаншы көшесіне дейін жалғасады. Осылайша қала орталығындағы негізгі көшелерді байланыстыратын бірыңғай жаяу жүргіншілер бағыты қалыптасады», – деді әкім.

Оның айтуынша, жобалар жүзеге асқаннан кейін қала тұрғындары мен қонақтар Байсейітова көшесі, Панфилов көшесі мен Қарасай батыр көшесі арқылы өтетін ыңғайлы әрі ұзын серуендеу бағытымен қатынай бастайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алмалы ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада қайтарылған активтер есебінен 1200 оқушыға арналған жаңа мектеп салынады

Бүгін 16:31

Екі мемлекеттік архивке «Ұлттық» мәртебе беріледі

Бүгін 16:07

Астанада «Ұлттық қолөнер мектебі» жобасы қорытындыланды

Бүгін 15:06

Атом реакторларының қауіпсіздігі қалай тексеріледі?

Бүгін 15:02

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін 14:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);