AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды «BALA FEST...

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды «BALA FEST. JARYQ SKILL FEST» фестиваліне қатысты

Барлығы 01.06.2025, 13:12 1,067
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды «BALA FEST. JARYQ SKILL FEST» фестиваліне қатысты
Қайрат Қоныспаев

Мерекелік шараға 5 мыңнан астам бала қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «BALA FEST. JARYQ SKILLFEST» фестивалі өтіп жатыр.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде Алматы шын мәнінде балалық шақтың, қуат пен шабыттың ортасына айналды. Мерекеге орай ұйымдастырылған BALA FEST. JARYQ SKILL FEST фестивалі арқылы бүлдіршіндержарқын, батыл, мейірімді әрі креативті қаланы көре алды. Іс-шара Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова атындағы саябақта өтуде.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды фестивальге арнайы келіп, бүлдіршіндермен жүздесті, әрі жас ұрпаққа арналған игі бастамаларға қолдау білдірді. Фестиваль JARYQ деп аталатын бес тақырыптық бекет форматында ұйымдастырылған. Ондағы әрбір бекет бала дамуының маңызды қырларын бейнелейді. Айталық, Jastar – технология мен инновацияны, Arman – арман мен қиял әлемін, Rukh – руханият пен тарихты, Yntalyq – өнер мен шығармашылықты, Qabilet – мамандықтармен танысу және кәсіби бағыт-бағдарды бейнелеген. .

Фестивальдің басты мақсаты – балаларға қызықты әрі пайдалы edutainment (ойын арқылы оқыту) әдісін енгізу. Бұл әдіс балаларға жаңа білімді ала отырып оны қуаныш пен өмірлік тәжірибеге айналдыра алатын тиімді тәсіл саналады. Әсіресе Qabilet бекеті ерекше әсер қалдырды. Бұл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған алаң. Мұнда балалар түрлі кәсіппен танысып қана қоймай, өздері де тәжірибе жасап, қол еңбегімен айналысып көрді. Осындай бастамалар арқылы еңбекке деген құрмет пен кез келген кәсіптің қадірін бала жасынан бойға сіңіруге жол ашылады.

«Біз саналы да талантты әрі әр ісіне жауапты жаңа ұрпақты қалыптастыратын бастамаларды жалғасты қолдаймыз. Алматы – әр бала өзіне сенетін және арманына нық қадаммен жететін қала. Біз жай ғана қолайлы орта емес, әрбір бала өз әлеуетін ашып, арманының маңызды екенін және мүмкіндіктердің бар екенін түсінетін болашақты қалыптастырып жатырмыз деп санаймын», – деді фестивальге қатысқан Дархан Сатыбалды.

Қаладағы шығармашылық орталықтарынан, Оқушылар сарайы мен музыка мектептерінен келген балалар дайындаған шеберлік сағаттары мен перфоманстары фестивальге жаңа бояу қосты. Балалардың өз қолымен жасаған өнері мен креативімыңдаған көрерменді шабыттандырды.

Алматы қаласында қосымша білім беруге ерекше мән берілуде. 2023–2029 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес, бұл салаға бөлінетін қаржы жыл сайын өсіп келеді. Бүгінде қаладағы 216 мектепте 309 мыңнан астам бала білім алуда, олардың 224 мыңнан астамы қосымша біліммен қамтылған. Бұл бағытта 19 мемлекеттік ұйым, 122 жекеменшік орталық (мемлекеттік тапсырыс бойынша) және мектеп жанындағы үйірмелер жұмыс істейді.

2025 жылы мемлекеттік ұйымдарда 8,6 миллиард теңге (2024 жылы – 6,1 млрд), ал жекеменшік орталықтарда 3,1 миллиард теңге (2024 ж. – 2,3 млрд) бөлінуі көзделген. Бұл қаражат ғылымнан бастап экология, өнер, спорт және тілге дейінгі жеті бағытты қамтитын 11 мыңнан астам баланықамтуға мүмкіндік береді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бала #әкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

Бүгін 15:32

Екібастұзда құмар ойынға салынған мемқызметшілер әшкереленді

Бүгін 15:29

БҚО әкімі мас күйде көлік жүргізген

Бүгін 15:13

Шілдеден бастап Алматыдан Прагаға тікелей рейс ашылады

Бүгін 14:57

Голливуд жұлдызы қазақстандық блогерге алғыс айтты

Бүгін 14:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика