Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласының әкімдігі қаланы дамыту үшін «Бәй...

Алматы қаласының әкімдігі қаланы дамыту үшін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-мен өзара іс-қимылды күшейтеді

Әлеумет 06.05.2022, 10:29 1,053
Алматы қаласының әкімдігі қаланы дамыту үшін  «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-мен өзара іс-қимылды күшейтеді
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының әкімдігі және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне өтуде


Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасы Қанат Шарлапаевпен мегаполистің әрі қарай дамуының перспективаларын талқылау бойынша кездесу өткізді. Әңгіме барысында кәсіпкерлерді қаржылық қолдау, қаланың тұрғын үй қорын жаңарту, ESG жобаларын іске асыру және тағы басқа мәселелер бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы сөз болды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Қазіргі уақытта қаланың өнеркәсіп саласын дамыту үшін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ желісі бойынша  Индустриалды аймақтағы шағын өндірістік парктерді қаржыландыру мәселесі пысықталуда. Жоба аясында бизнес бағасы кемінде 80 млн теңге тұратын жабдықты жылдық 3% мөлшерлеме бойынша 3 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге лизингке сатып ала алады. Бағдарламадан күтілетін тиімділік – іскерлік белсенділікті арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру.



Кәсіпкерлерге қолжетімді қаржыландыруды ұсыну үшін «Даму» КДҚ» АҚ бірлесіп «Almaty Business» өңірлік бағдарламасына факторингтік келісімдер арқылы өзгерістер енгізу барысында АЭА аумағындағы жобаларды қаржыландыру мөлшері 500 млн теңгеге дейін артады, шағын және орта бизнес үшін сыйақының жылдық мөлшерлемесі 6% болады.



Өнімді экспортқа шығаратындарды қолдау мақсатында жобаларды жылдық 12%-ға дейінгі мөлшерлеме бойынша айналым қаражаттарын толықтыру үшін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ желісі бойынша экспорт алды қаржыландыру жоспарлануда, бұл отандық тауар өндірушілерді халықаралық нарықта  қолдауды қамтамасыз етеді.


Тараптар машина жасау саласын дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, "Hyundai Trans Kazakhstan" базасында автокомпоненттер зауытын салу жөніндегі жобаны "ҚДБ"АҚ-ның қаржылық қолдауы талқылануда. Жоба өндірісті оқшаулау деңгейін 8% - ға арттыруға және Алматы қаласының экспорттық әлеуетін ұлғайтуға мүмкіндік береді.


Кездесу барысында «Бәйтерек» холдингінің еншілес компанияларының Алматы қаласының 2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасына қатысуы бойынша бірқатар мәселелер қаралды.



«Біз «Бәйтерек» холдингімен ШОБ қолдау бойынша энергетика, көлік, өңдеу өнеркәсібі, тұрғын үй бағдарламалары мәселелеріне қатысты ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда да өзара іс-қимыл жасауға мүдделіміз. Біз ESG – жобаларын іске асыру үшін жасыл облигациялар шығаруға, автобус паркін экологиялық қоғамдық көлікпен жаңартуға және т.б. дайынбыз», – деп атап өтті Ерболат Досаев.



Кездесу қорытындысы бойынша осы жылдың мамыр айының соңына дейін тараптар орындау мерзімі 2025 жылға дейін арналған Алматы әкімдігі мен «Бәйтерек» холдингі арасында бірлескен Жол картасына қол қоюға келісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Бйтерек #келісім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстанның қаржы секторы алдағы референдумды қолдады

Бүгін 18:25

Тұңғышбай Жаманқұлов жастарды кітап оқуға, уақытты қадірлеуге шақырды

Бүгін 18:16

Алматы 2-ЖЭО-ын жаңғырту атмосфераға тарайтын зиянды шығарындыларды айтарлықтай азайтуға бағытталған

Бүгін 17:49

Арнайы операция: есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды

Бүгін 17:14

Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика