AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматы қаласында Астана күніне орай «Шыңға өрлеу»...

Алматы қаласында Астана күніне орай «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы ашылды

Өмір-өзен 04.07.2021, 09:02 2,156
Алматы қаласында Астана күніне орай «Шыңға өрлеу»  әлеуметтік клубы ашылды
Сурет: Almaty-akshamy

Бұл - «Шетсіз қала» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жоба.


Мереке қарсаңында Алматы қаласы Медеу ауданы Думан шағынауданында «Шыңға өрлеу» жаңа әлеуметтік клубының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.


Аталмыш клубта тақырыптық кештер, шеберлік сыныптары, қызықты адамдармен кездесулер, дәрістер, ашық аспан астындағы спорттық сабақтар, шағын аудан тұрғындары үшін экскурсиялар өткізілді. Әлеуметтік клубқа балалар қатыса алады, ал оларға зейнет жасындағы адамдар сабақ береді.


«Шыңға өрлеу» – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша «Шетсіз қала» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жоба. Осы бастаманың арқасында әрбір алматылық, тұрғылықты жеріне қарамастан, тең өмір сүру стандарттарына ие болады.


Әлеуметтік клубтың ашылуы карантиндік шектеу шараларына байланысты онлайн-форматта қатысушылардың ең аз санымен өтті. Бұл жобаның мақсаты - аз қамтылған отбасылардан шыққан бастауыш мектеп жасындағы балаларға өмірлік тәжірибені, білім мен дағдыларды берудің үйлесімді процесін қалыптастыру арқылы аға буын өкілдері мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоғамдық өмірге тарту.


«Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубына  көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары тегін бара алады. Жоба 1-4 сынып оқушыларының тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, сонымен қатар өскелең және аға буын арасындағы сабақтастық принциптерін қалыптастыра отырып, тұрмысы төмен әрі  көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетеді.


Көп балалы ана Бибінұр Ширалиева бұл жобаның Думан шағынауданына қажет екенін айтты.



«Бұл ауданда көп балалы отбасылар және балалары өсіп келе жатқан жас отбасылар көп. "Шыңға өрлеудің" арқасында балалардың дамуына, олардың тәрбиесіне көңіл бөлінеді. Демалыста және сабақтан тыс уақытта олар музыкамен айналыса алады, үйірмелерге қатысып, тәжірибесі бар аға буыннан білім алады. Өз кезегінде аға буын үшін бұл орталық жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді. Зейнеткерлер сабақ жүргізеді», – дейді Бибінұр  Ширалиева.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қазақстан #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба іске асырылуда

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);