AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы қаласында «AMANAT» партиясының «QAISAR» пар...

Алматы қаласында «AMANAT» партиясының «QAISAR» партиялық жобасы аясында «Сарбаз болғым келеді» атты әскери-патриоттық акция өтті

Алматы 06.05.2026, 10:15 204 yakiya
Алматы қаласында «AMANAT» партиясының «QAISAR» партиялық жобасы аясында «Сарбаз болғым келеді» атты әскери-патриоттық акция өтті

Алматы қаласында «AMANAT» партиясының «QAISAR» партиялық жобасы аясында «Сарбаз болғым келеді» атты әскери-патриоттық акция өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай ұйымдастырылып, оған 100-ге жуық қатысушы – жастар, ардагерлер мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

Акцияның негізгі мақсаты – жастар арасында патриоттық құндылықтарды нығайту, әскери қызметтің беделін арттыру және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін ұлықтау.

Іс-шара бағдарламасы бірнеше мазмұнды бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімде қатысушылар Жауынгерлік Даңқ мұражайына экскурсия жасап, тарихи жәдігерлермен танысты.

Екінші бөлімде жастар қоғам және мемлекет қайраткерлерімен, сондай-ақ Генералдар кеңесі мен Офицерлер одағының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын атап өтті.

Кездесуде сөз сөйлеген «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров:

«Бұл – бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын, ата-бабаларымыздың ерлігін ұлықтайтын ерекше күндер. Бүгінгі Отан қорғаушылар – сол ерліктің лайықты жалғастырушылары. Біз ұрпақтар сабақтастығын сақтап, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге міндеттіміз», – деп атап өтті.

Сондай-ақ ол партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында жүйелі түрде нақты жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында және Қарттар айлығы кезеңінде 1000-нан астам ардагер мен тыл еңбеккеріне азық-түлік себеттері мен естелік сыйлықтар табысталады. Сонымен қатар, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері ардагерлердің аулаларын абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізуге тұрақты түрде көмектеседі. Бұл жұмыстар ардагерлер кеңесі және белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарымен тығыз байланыста тұрақты негізде жүзеге асырылуда.

Іс-шара соңында қатысушылар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, майданда қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

«Сарбаз болғым келеді» акциясы ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және жастардың патриоттық санасын арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#патриот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Халық әуені" әуелейтін мереке

Бүгін 09:02

Қазақстанның басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:32

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Кеше 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Кеше 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Кеше 21:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);