Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласы ТЖД өкілдері балалардың қауіпсіздігі...

Алматы қаласы ТЖД өкілдері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстармен бөлісті

Әлеумет 21.08.2024, 17:16 758
Алматы қаласы ТЖД өкілдері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстармен бөлісті
Сурет: Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және терезеден құлап кету сияқты жазатайым оқиғалардың алдын алу туралы өтінішпен жүгінеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары және азаматтық қорғау полковнигі Чайзада Бағдат ағымдағы жылдың басынан бастап Республика бойынша балалардың терезеден құлап кету оқиғаларының 150 – ден астамы тіркелгенін, оның ішінде Алматыда ағымдағы жылдың 8 айында-11 жағдай болғанын хабарлады. 

Тек 2024 жылдың тамыз айында 112 желісі бойынша терезеден құлаудың 6 жағдайы тіркелді. Балалар жарақаттармен, соның ішінде ауыр жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. «Абырой болғанда, балалар жазылып, үйлеріне жіберілді», - деп атап өтті Ч. Бағдат.

Сондай-ақ, спикердің мәліметінше, 5 оқиға - ата-аналар мен қамқоршылардың балаларды қараусыз қалдыруынан, біреуі - ата-ананың қырағылық танытпауы себебінен туындады. Соңғы жағдайда, баланың 38 жастағы әкесі таңертең, оқиға орын алған кезде, басқа бөлмеде ұйықтап жатқанын айтты.

Бұл статистикалық ақпараттар тек 112 нөміріне келіп түскен қоңыраулар негізінде ғана жинақталғанын атап өткен жөн. 

«Соңы қайғылы аяқталып жататын жазатайым оқиғалардың негізгі себебі - балаларды қараусыз қалдыру және көп қабатты тұрғын үйлердің терезелерінде қорғаныс құралдарының болмауы», - деді ол.

Мұндай жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін ТЖД халықты БАҚ арқылы ақпараттандыру, сондай-ақ жадынамалар тарата отырып, көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлерін аралау жолымен профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Балалар қауіпсіздігіне бағытталған үгіттік іс-шаралар барысында қызметкерлер өз құзыреті шегінде заңнамалық құқықтық актілерді түсіндіре отырып, «балалардың терезеден құлауы» тақырыбына 20 мың жадынама таратты.

Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлері «Өзіңнен баста» челленджін бастап, өз балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пәтерлеріндегі терезелерге қорғаныс жүйелерін қалай орнататынын көрсетті.

Айта кету керек, 2024 жылдың 29 маусымы мен 19 шілдесі аралығында «Қауіпсіз үй» айлығы жарияланған болатын. «Жоба аясында ТЖД және өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері Алматы қаласының волонтерлік ұйымдарын тарта отырып, көппәтерлі  үйлерде үгіт-насихат шараларын жүргізді», - деп бөлісті полковник Шайзада.

Ол мұндай іс-шараларды көппәтерлі үйлердің ПИК, МИБ-тің қолдап жатқанын айтты, ол үшін балаларға арналған мультфильмдердің кешкі көрсетілімдері ұйымдастырылып, ата-аналар мен тұрғындарға балаларға қырағылық таныту керектігін еске салып, хабардар етті. 

Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары ата-аналарды биік үйлердің терезелерінен балалардың құлауының қайғылы жағдайларын болдырмау үшін барлық мүмкін шараларды қабылдауға шақырды. Ол қауіпсіздік бойынша ұсыныстар мен кеңестерді айтты: 

1. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз, өйткені құлау жағдайларының көпшілігі ата-аналар балаларды қараусыз қалдырған кезде болады.
2. Баланың терезеге шығуна жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз.
3. Ешқашан москит торларына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғамайды! Керісінше, москит торы қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді. Көбінесе балалар тормен бірге құлап кетеді. 
4. Балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін терезелерге арнайы бекіткіштер орнатыңыз.
5. Егер сіз балаңызға терезеден бірдеңе көрсетсеңіз - оны әрдайым мықтап бекітіңіз, баланың кенеттен қозғалуына дайын болыңыз, алақаныңызды құрғақ ұстаңыз, баланы киімінен ұстамаңыз.
6. Егер сізде дәл қазір құлыптау немесе сақтандыру құрылғысын орнату мүмкіндігі болмаса, терезе тұтқасын оңай бұрап алып тастасаңыз болады, ол тұтқаны қажетінше қолданып, пайдаланғаннан кейін бірден алып тастаңыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ТЖД #балалар қауіпсіздігі #ұсыныстар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЮНИСЕФ-тің патронаждық қызметті дамыту жөніндегі кеңесі өтіп жатыр

Бүгін 14:53

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика