AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің жанынан сыбайлас...

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетін құру туралы шешім қабылданды

Өмір-өзен 14.06.2022, 08:26 1,160
Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетін құру туралы шешім қабылданды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Antikor ortalyǵy алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.


Кездесу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері мен қоғам қайраткерлеріне ведомствоның қазіргі жұмысы және ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының іске асырылуы туралы хабардар етілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Отырыста Қоғамдық кеңестің жанынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын жеке комитет құру туралы шешім қабылданды.


Кездесу қатысушыларын қарсы ала отырып, департамент басшысы Асхат Оразхан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен азаматтық сектордың сындарлы өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.



«Біздің бірлескен ынтымақтастығымыз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың санын азайтуға көмектеседі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар оң нәтиже береді деп үміттенеміз. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын заңсыз іс-әрекеттерін анықтау мақсатында нақты жұмыс құрып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуде, мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізуде, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен өткізуде бірлескен күш салу қажет», - деп атап өтті.



«Қоғамдық кеңестің қоғамдық бақылау саласындағы міндеттерінің бірі халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне тарту болып табылады. Қоғамдық кеңес жанындағы осы комитеттің құрамына белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдардың кіруі өте маңызды, қойылған мақсаттар үшін барлық сараптамалық әлеуетті тарту қажет», - деп Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Алтынай Көбеева атап өтті.



Іс-шара соңында қатысушылар комитеттің құрамы мен алдағы іс-шаралар жоспарын талқылады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#антикор #Жемқорлық #Кеңес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау өтеді

Бүгін 11:32

Наурыз рухы сахнадан асып, алаңға жетті

Бүгін 11:31

Алматыда қазандық пен жылумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуды жалғастырып жатыр

Бүгін 11:15

Өтің ауырмасын десең...

Бүгін 11:05

Көлік министрлігі ақылы жолдарда төлем жасау ережелерін жеңілдетті

Бүгін 10:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика