«Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды:
- Алматы қаласы Білім басқармасының «№16 бөбекжай-балабақша» МКҚК меңгерушісі,
Заңды мекенжайы: Алматы қ., Алмалы ауданы, Сейфуллин даңғылы, 587.
Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру, 2000 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты 195 бала, оқыту тілі орыс тілінде.
- Алматы қаласы Білім басқармасының «№20 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі,
Заңды мекенжайы: Алматы қ., Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 102/68 үй.
Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру, 2000 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты 145 бала, аралас оқыту тілі.
- Алматы қаласы Білім басқармасының «№133 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі,
Заңды мекенжайы: Алматы қ., Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 15/1,
Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру, 2000 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты 145 бала, оқыту тілі орыс тілінде.
- Алматы қаласы Білім басқармасының «№182 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі,
Заңды мекенжайы: Алматы қ., Алмалы ауданы, Тұрғыт Озал көшесі, 30 үй.
Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру, 2014 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты 145 бала, аралас оқыту тілі.
- Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 67 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі,
Заңды мекенжайы: Алматы қ., Жетісу ауданы, Желтоқсан көшесі 14.
Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру, 1998 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты 140 бала, оқыту тілі қазақ тілінде.
- Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 176 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі,
Заңды мекенжайы: Алматы қ., Жетісу ауданы, Құлагер шағын ауданы, 52а
Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру, 2012 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты 145 бала, оқыту тілі қазақ тілінде.
- Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 127 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі,
Заңды мекенжайы: Алматы қ., Түрксіб ауданы, Дулатов көшесі, 33-үй
Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру, 1999 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты 100 бала, оқыту тілі орыс тілінде.
- Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 59 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі,
Заңды мекенжайы: Алматы қ., Түрксіб ауд., Нұршашқан ы-а., Ақмандай көш., 6-үй.
Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру, 2010 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты 75 бала, оқыту тілі қазақ тілінде.
Лауазымдық жалақысы жұмыс өтіліне байланысты 202 808 теңгеден 245 988 теңгеге дейін.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл;
- немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;
- осы тармақтың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл;
- арнайы мектепке дейінгі ұйымның басшысы (меңгерушісі) үшін біліктілікке қойылатын талаптар:
- "Арнайы білім" бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім, тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат; педагогикалық жұмыс өтілі 3 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда бір жыл;
- және (немесе) педагогтің, немесе педагог – сарапшының, немесе педагог – зерттеушінің, немесе педагог – шебердің, немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы.
Лауазымдық міндеттері:
- нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады;
- педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;
- педагогикалық кеңеспен бірлесіп белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылайды;
- "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) бұйрығына сәйкес "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығында көрсетілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы) іске асырылуын қамтамасыз етеді;
- тәрбие-білім беру процесі кезінде ұйым тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;
- ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
- ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;
- ұйымды басқару құрылымын айқындайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де мәселелерді шешеді;
- тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;
- әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді;
- тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға медициналық қызмет көрсету және тамақтануды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен құралдарына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
- оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және нығайтылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
- жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) өзара байланысты жүзеге асырады;
- педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді;
- педагогтердің және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды;
- ұйымның қызметі туралы есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
- педагогика және психология, әлеуметтану негіздері;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
- "Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық этиканың нормалары (бұдан әрі – педагогикалық этиканың нормалары);
- "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №23890 болып тіркелген) сәйкес санитариялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитариялық ережелер мен нормалар);
- компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технология;
- экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
- еңбек заңнамасының негіздері;
- ішкі еңбек тәртібі, еңбекті қорғауды, еңбек қауіпсіздігін және өртке қарсы қорғау қағидалары.
Конкурс «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының негізінде өткізіледі.
Конкурстың өткізілетін уақыты жоғарыда көрсетілген Қағидаға сәйкес белгіленеді.
Конкурсты өткізу орны: «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ, Алматы қаласы, Абылайхан д-ы, 74А үй мекенжайында.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газетінде) және Алматы қаласы Білім басқармамсының «edualmaty.kz» сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
«Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ келесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
- осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
- білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- біліктілік тестілеу сертификаты;
- Блім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
- түйіндеме.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды келесі мекенжайға тапсыру керек: Алматы қаласы, Абылайхан д-ы, 74А үй, Алматы қаласы Білім басқармасы, электронды пошта: service.ok90@mail.ru.
Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар қатысады.
2023 жылғы 22 ақпанда (уақыты қосымша хабарланады) Аймақтық тестілеу орталығында, мекен-жайы: Алматы қаласы, Аль-Фараби көшесі, 71/22 үйде заңнаманы, басқарушылық құзыреттерді, педагогика және психология негіздерін білуге арналған біліктілік тестілеуі өткізіледі.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Алматы қаласы Білім басқармасының сайтында жарияланады.
Кандидаттар әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабарлама алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде Алматы қаласы Білім басқармасында онлайн режимде әңгімелесуден өтеді.
Конкурс нәтижелеріне конкурсқа қатысушылар заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайлары: +77718463932. Элекрондық адрес: service.ok90@mail.ru.
|
Мемлекеттік білім беру |
Нысан
|
____________________________ |
________________________________________________________________________________________________________________________________________
кандидаттың Т.Ә.А. (болған жағдайда), ЖСН
____________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефондары.
Өтініш
Мені ________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос лауазымына/уақытша
(білім беру ұйымының атауы, мекенжайы)
бос лауазымына (керегінің астын сызу керек) орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Қазіргі уақытта___________________________________________________________________
________________________________________________________________ жұмыс жасаймын.
(лауазымы, білім беру ұйымының атауы, мекенжайы)
Тестілеуді тапсыру тілі: қазақ/орыс
керегінің астын сызу керек
Конкурс қағидаларымен таныстым:
Білімі: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, техникалық және кәсіптік білім
Оқу орнының атауы |
Оқу кезеңі |
Диплом бойынша мамандық |
|
|
|
Біліктілік санатының бар болуы (бар болса берілген (расталған) күні):
____________________________________________________________________
Жұмыс өтілі:
Жалпы |
Педагогикалық |
Мемлекеттік қызмет өтілі |
Мамандық бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін) |
Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында |
|
|
|
|
|
Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мен дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен менің дербес деректерімді мерзімсіз өңдеуге (фото, бейне және бейне көрсетілімдерді, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) келісемін.
Тестілеу өтетін ғимаратта тыйым салынған заттардың бірін пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы, тиісті акт жасалып, шығарылатыны туралы ескертілді.
Тыйым салынған зат табылған жағдайда бір жыл мерзімге тестілеуден өту құқығынан айырылатыным туралы ескертілді.
Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде, сондай-ақ бейне жазбаны қарау кезінде қағидаларды бұзу фактілері анықталған жағдайда, тапсыру мерзіміне қарамастан акт жасалатыны және нәтижелердің күші жойылатыны ескертілді.
Тыйым салынған заттар:
- ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон), Смартсағаттар);
- ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер);
- радио-электрондық байланыстың кез келген түрлері (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи); 5G (5 Джи);
- сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары;
- шпаргалкалар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер;
- калькуляторлар мен түзету сұйықтығы.
Келісемін ________________________________________________________________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (болған жағдайда)) (қолы)
Тестілеуді және конкурс өткізу қағидаларымен таныстым.
20___жылғы "____" ______________ ____________________
/қолы /