AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әдістемелік орта...

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әдістемелік орталықтың қызметімен танысты

Барлығы 06.02.2026, 17:23 356 Дина
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әдістемелік орталықтың қызметімен танысты
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

2026 жылғы 5 ақпанда Алматы қаласында қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу аясында ол Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қызметімен танысып, орталық әдіскерлерімен пікір алмасты.

Шара аясында әкімнің орынбасарына Әдістемелік орталықтың негізгі қызмет бағыттары, соның ішінде Қалалық инклюзивті ресурстық орталық пен Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталықтың жұмысы таныстырылды. Білім беру ұйымдарын әдістемелік сүйемелдеу тетіктері, сондай-ақ педагогтерге оқу-тәрбие процесі аясында көрсетілетін әдістемелік қолдау тәсілдері ұсынылды.

Талқылау кезінде әдістемелік жұмыстың мазмұнын жаңарту, аналитикалық құралдарды енгізу, цифрлық ресурстарды дамыту және білім беру ұйымдарының нақты сұраныстарын ескере отырып, нысаналы әдістемелік қолдауды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әдістемелік орталықтың қызметі тұрақты білім беру нәтижелерін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын және қаланың білім сапасын басқару жүйесіндегі негізгі құрылымдардың бірі екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Әдістемелік орталықтың алдағы даму бағыттары айқындалып, басым міндеттер белгіленді. Білім беру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстардың ілгерілеуін бағалау мақсатында келесі жұмыс кездесуін ағымдағы жылдың наурыз айында өткізу ұсынылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әкімдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

Бүгін 17:53

Алматыда көлік жобасы үшін жер телімінің бір бөлігі мемлекетке беріледі

Бүгін 16:57

Алматыда Рысқұлов көшесін ұзарту үшін жер телімдері мемлекет қажетіне алынады

Бүгін 16:52

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Бүгін 16:36

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Бүгін 15:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);