AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы қалалық ортаның жаңа моделін қалыптастырып...

Алматы қалалық ортаның жаңа моделін қалыптастырып жатыр — Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев

Барлығы 06.02.2026, 16:29 314 Дина
Алматы қалалық ортаның жаңа моделін қалыптастырып жатыр — Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев
сурет: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінен

Алматыда негізгі көшелер мен саябақтар кезең-кезеңімен жаңартылады. Қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай деді. Бұл жолғы әңгіме «Біз – Алматы» бағдарламасы аясында көше-жол желісі мен қоғамдық кеңістікті кеңінен жаңғырту жайлы болды.  

Алмасхан Сматлаевтың айтуынша, қала әкімдігінде көлік пен жаяу жүргіншілердің жүктемесі жоғары көшелер бойынша жобалау-сметалық құжаттама кезең-кезеңімен әзірленіп жатыр. Негізгі мақсат — қалалық ортаның қауіпсіздігін артырып, оны барынша қолайлы ете түсу.  

«Әр жобаны қозғалыс қауіпсіздігі, тротуарды ыңғайлы ету, көгалдандыру, жарықтандыру, қоғамдық көлікке басымдық беру мен велоинфрақұрылымды дамыту жағынан жан-жақты қарастырамыз», - дейді әкімнің орынбасары.

2026 жылғы наурыз айында негізгі жолдар мен қоғамдық аумақтардың біразы, оның ішінде ірі көшелер, бульварлар мен саябақтарда жобаларды іске асыра бастауды жоспарлап қойған. 2027 жылы бұл жұмыстар қаланың орталық және шеткі аудандарын қамтып, басқа жерде де жалғаспақ.

Алмасхан Сматлаев барлық жобалар қоғамдық кеңістіктердің бүкіл өмірлік циклін — жобалаудан бастап пайдалану кезеңіне дейін қамтитын кешенді абаттандырудың бірыңғай стандарты аясында әзірленетінін атап өтті.

«Бұрын әр нысанды әртүрлі қағиданы негізге алып жасайтын. Қазір осыдан бас тарттық. Енді бәрінде ортақ әдістемелік құжат болады», - деді ол.

Бағдарлама аясында ондаған көше мен бірнеше жасыл аймақты жаңа стандартқа сәйкестендіру жоспарланып отыр. Сөйтіп, кедергісіз орта қалыптастырып, жасыл желектерді қорғап, автоматтандырылған суару жүйесін енгізіп, бірыңғай жарықтандыру жүйесі мен инженерлік желілерді жер астына көшіру көзделіп отыр.

Спикердің айтуынша, мұндай тәсіл қалалық ортаның сапасын арттырып қана қоймай, ұзақ уақыт бойы пайдалану шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы әкімдігі #даму
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

Бүгін 17:53

Алматыда көлік жобасы үшін жер телімінің бір бөлігі мемлекетке беріледі

Бүгін 16:57

Алматыда Рысқұлов көшесін ұзарту үшін жер телімдері мемлекет қажетіне алынады

Бүгін 16:52

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Бүгін 16:36

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Бүгін 15:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);