AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматы қалалық кардиологиялық орталығы Қазақстанда...

Алматы қалалық кардиологиялық орталығы Қазақстандағы қалалық клиникалар арасында бірінші JCI аккредитациясын алды

Медицина 14.09.2026, 09:06 313
Алматы қалалық кардиологиялық орталығы Қазақстандағы қалалық клиникалар арасында бірінші JCI аккредитациясын алды
Алматы әкімдігі

2025 жылы Орталық базасында алғаш рет жүрек трансплантациясы сәтті жүргізілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қалалық кардиологиялық орталығы сыртқы аудиттен сәтті өтіп, алғаш рет үш жыл мерзімге Joint Commission International (JCI) аккредитациясына ие болды. Орталық еліміздегі JCI мәртебесін алған алғашқы қалалық клиника және Қазақстан Республикасындағы мамандандырылған шұғыл кардиологиялық көмек көрсету орталығы атанды.

JCI — әлемдегі медициналық ұйымдарды аккредиттеудің «алтын стандарты». Бұл сертификат пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және медициналық қызмет көрсету сапасының ең жоғары деңгейін растайды.

2026 жылғы 19–21 тамыз аралығында аудит жүргізген JCI халықаралық сарапшылары Орталықтың клиникалық процестеріне, оның ішінде дәрілік заттар мен хирургиялық араласулардың қауіпсіздігіне, инфекциялық бақылаудың қатаң сақталуына, тәуекелдерді барынша азайтуға және емдеудің барлық кезеңдерінде сапаны жүйелі түрде бақылауға жоғары баға берді.

2026 жылдың 8 айындағы қызмет ауқымы мен негізгі көрсеткіштер:

  • Шұғыл медициналық көмек көрсету бағыты бойынша Орталық 1 133 968-ден астам тұрғыны бар халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді.

  • Жыл басынан бері Орталықта 7 500-ден астам пациент стационарлық ем қабылдады.

  • 9 000-нан астам операция мен медициналық процедура жүргізілді. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,5%-ға жоғары.

  • Жоғары технологиялық медициналық қызметтерді дамыту қарқынды түрде жалғасуда. Күрделі кардиохирургиялық, аритмологиялық және интервенциялық араласулардың саны 43,2%-ға артты.

  • 2025 жылы Орталық базасында алғаш рет жүрек трансплантациясы сәтті жүргізілді. Бұл айтулы оқиға Алматы қаласының кардиологиялық қызметін жаңа деңгейге көтеріп, Орталықтың аса күрделі операцияларды орындауға дайын екенін көрсетті.

JCI аккредитациясын алу — жоғары білікті Орталық командасының кәсіби еңбегінің мойындалуы ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын жаңғырту, отандық медицинаның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және медициналық туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырудағы стратегиялық қадам.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елдің ең ірі мегаполисіндегі тозығы жеткен желілер жаңартылады – алматылықтар үшін не өзгереді?

Бүгін 19:09

Алматыға кіреберіс жолдарда жүк көліктеріне арналған салмақ өлшеу кешендері орнатылады

Бүгін 17:36

Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 17:32

Мемлекет басшысы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша саммит аясында бірқатар кездесу өткізді

Бүгін 17:00

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайды

Бүгін 16:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);