AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы прокуратурасы алаяқтардың көбейіп кеткенін...

Алматы прокуратурасы алаяқтардың көбейіп кеткенін ескертті

Әлеумет 17.04.2022, 14:08 1,254
Алматы прокуратурасы алаяқтардың көбейіп кеткенін ескертті
Cурет: Ашық дереккөз

Алматы прокурорлары әлеуметтік желіде аккаунт ашқан


Алматыда заманауи технологияларды пайдаланатын телефон алаяқтары көбейіп келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.


Қалалық прокуратураның мәліметінше, алаяқтар өздерін тәртіп сақшысы деп таныстырып, азаматтарға телефон соғып, оларға банк шоттарының бұзылғанын немесе атына несие ресімдеу әрекеті жасалғанын хабарлайды.



«Мұндай әрекеттерді жою үшін олар тиісті алгоритм ұсынады. Алаяқтардың айтуынша, шот иелеріне арнайы қауіпсіздік коды жіберіледі, олар соны бізге айт деп талап етеді. Бұл ретте абоненттердің ұялы телефондарында арнайы құралдардың көмегімен құқық қорғау органдарының нөмірлері анықталуы мүмкін. Осыны пайдаланған қылмыскерлер өз сөздерінің растығын дәлелдеу үшін құқық қорғау органдарының ресми сайттарында ақпаратты (қызметкерлердің аты-жөні, нөмірлері) тексеруді ұсынады. Осыған сенген адамдар алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін. Жоғарыда айтылған ақпаратты ескере отырып, прокуратура қырағы болуды және аталған қылмыстық әрекеттерге бой алдырмауды сұрайды. Өз кезегінде құқық қорғау органдары қылмыскерлерді анықтау және ұстау шараларын жүргізуде», - делінген прокуратураның хабарламасында.



Сондай-ақ, Алматы прокурорлары әлеуметтік желіде аккаунт ашқан.



«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Facebook әлеуметтік желісінде азаматтардың проблемалары мен шағымдарына уақтылы ден қою, халықпен кері байланысты жедел қамтамасыз ету үшін Алматы қаласы аудандарының барлық прокурорлары мен қаланың табиғат қорғау прокурорының аккаунттары ашылды. Азаматтар қажетті құқықтық сұрақтар, ауданның проблемалық мәселелері бойынша жүгініп, түсіндірме ақпарат ала алады», - деп хабарлады прокуратура.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#прокуратура #алаяқтық #Ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер мұрасы заманауи көзқараспен қайта жаңғырды

Бүгін 18:15

«Даму» қорының өңірлік желісі базасында «Бәйтерек» холдингінің Кәсіпкерлерді қолдау бірыңғай фронт-офисі жұмысын бастады

Бүгін 17:30

Алматыда қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымы кеңейіп келеді

Бүгін 16:55

Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Бочарованы қабылдады

Бүгін 16:45

Аңызға айналған «Ақиқат» журналына – 105 жыл

Бүгін 16:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);