AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полициясының қызмет көрсету орталықтарында...

Алматы полициясының қызмет көрсету орталықтарында қандай қызметтерді алуға болады?

Заң мен тəртіп 20.09.2024, 09:55 1,195
Алматы полициясының қызмет көрсету орталықтарында қандай қызметтерді алуға болады?
Сурет: Polisia.kz

Полицияның қызмет көрсету орталықтары “бір терезе” қағидаты бойынша қызмет көрсетеді.

 Алматыда жаңа форматта қызмет көрсетуге бағытталған алғашқы полиция пункттері пилоттық режимде іске қосылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 Жоба Мемлекет басшысының полиция жұмысының сервистік моделіне көшу жөніндегі тапсырмасы аясында Алматы қаласы әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен қалалық полиция департаментімен жүзеге асырылуда, оның басты мақсаты – қоғаммен ашық диалог және тұрғындардың өтініштеріне жедел жауап беру болып табылады. Қазірдің өзінде қаланың жеті ауданында полицияның қызмет көрсету орталықтары ашылды, сегізіншісі биыл қазан айында Түрксіб ауданында ашылады. Ғимарат қалалық бюджет есебінен сатып алынып, Департамент балансына берілді. Онда әкімшілік, көші-қон, ювеналдық полиция, учаскелік инспекторлар мәселелері бойынша мамандардан кеңестер алып, қызмет көрсетуге қолайлы жағдай жасалған.

– Полицияның сервистік моделі клиентке бағытталған тәсілді, құқық қорғау органдарының ашықтығы мен есеп беруін, азаматтардың полиция қызметіне оңай қол жеткізуін білдіреді. Соның нәтижесінде халықтың полицияға деген сенімі, азаматтармен ашық әріптестік пен Қазақстан халқына қызмет етудегі бейтараптық деңгейі артады деп күтеміз, – деді Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Екі жарым айлық жұмыс барысында орталық қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарының 8,5 мың өтінішін өңдеді. Полицияның қызмет көрсету орталықтары барлығы 55 қызмет түрін көрсетеді. Ол үшін барлық жағдай жасалған – инспекторлар мен психологтар жеке кабинеттерде қабылдау жүргізеді. Көші-қон полициясының қызметкерлері шетел азаматтарын тіркеу немесе қайта тіркеу, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге кету немесе келу кезінде азаматтық алу және тұрақты тұру үшін құжаттарды ресімдеумен айналысады. Көлік иелері жол-көлік оқиғасы деректері бойынша кеңес ала алады, көлік құралдарында әкімшілік айыппұлдар, ауыртпалықтар мен шектеулер бар-жоғын тексеріп, көлікті қайта жабдықтауға құжаттарды рәсімдей алады. Орталықтарда заңгерлер, медиаторлар, ішкі істер органдарына оқуға және қызметке қабылдау үшін кеңесшілер, сондай-ақ қаруды алып жүруге және сақтауға рұқсат беретін қызметкерлер жұмыс істейді. Сондай-ақ азаматтарды қабылдауды процессуалдық шешім қабылдауға уәкілетті құзыретті қызметкерлер – тергеушілер, жедел уәкілдер, учаскелік инспекторлар жүргізеді. Бұрын берілген өтініштің қаралу барысы туралы білуге ​​немесе жауапкершілікке тарту себептері туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін дерекқорларға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

Орталықтардың жұмыс уақыты – 9:00-ден 20:00-ге дейін. Сағат 23:00-ге дейін учаскелік полиция инспекторларының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыруға болады. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша тұрғындармен тікелей байланыста болатын бұл қызметті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Алдағы уақытта мұрағаттық анықтамаларға апостиль қою және басқа да қызметтер бойынша полицияның қызмет көрсету орталықтарының функционалдығын кеңейту жоспарлануда. 

Полицияның қызмет көрсету орталықтарының мекенжайларын 2GIS қосымшасынан табуға болады. 1. Алмалы ауданы, Төле би көш., 273А үй, 1; 2. Әуезов ауданы, Жетісу-3 шағын ауданы, № 5үй, 18; 3. Жетісу ауданы, Айнабұлақ шағын ауданы, 40А үй, 2 корпус, 17; 4. Медеу ауданы, Потанин көш., 14/17 үй, 108; 5. Бостандық ауданы, Көктем 3 шағын ауданы, № 24 үй; 6. Алатау ауданы, Ақбұлақ шағын ауданы, Суаткөл көш., 33/1 үй, 2; 7. Наурызбай ауданы, Шұғыла шағын ауданы, 347.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #Қызмет көрсету
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41

Дархан Сатыбалды алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Бүгін 14:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика