Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полициясы қала тұрғындарын қоқыс тастамауға...

Алматы полициясы қала тұрғындарын қоқыс тастамауға шақырды

Заң мен тəртіп 11.07.2023, 12:18 1,077
Алматы полициясы қала тұрғындарын қоқыс тастамауға шақырды
Сурет: Polisia.kz

Жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластауға байланысты 5370 құқық бұзушылық анықталды.


Алматы полициясы қала тұрғындарын қоқыс тастамауға шақырды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Алматы полициясы қоғамда “құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті” қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Нөлдік төзімділік – ұсақ құқық бұзушылықтарға теріс реакция. Әркім азаматтардың құқығын құрметтеп, қоғамдық тыныштықты бұзбай, мәдениетін танытуы керек.



«Бүгінде көшедегі қылмыстардың алдын алудың негізгі тұтқасы – әкімшілік құқық бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу, сондай-ақ олардың жасалуына мүлдем төзбеушілік таныту. Бұл бағыттың маңызы ерекше, себебі ұсақ құқық бұзушылықтар, мейлі қоқыс тастау, жол қозғалысы ережелерін бұзу және басқа да заңсыз көріністер болсын, азаматтардың келешекте аса ауыр әрекеттер немесе қылмыстар жасауына алғышарттар болып саналады», – деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Диас Дуанбеков.



Әкімшілік заңнаманың талаптарына сәйкес қоғамдық орындарды ластау ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша жауапкершілік көзделген құқық бұзушылық болып саналады. Алматыда жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластауға байланысты 5370 құқық бұзушылық анықталды. Айыппұл сомасы 91 миллион теңгеден астам болды. Сондай-ақ полицейлер ұсақ құқық бұзушылықтардың жолын кесуде қаладағы заңдылық пен тәртіптің жай-күйіне бей-жай қарамайтын азаматтық қоғамға ерекше рөл жүктелетінін атап өтті. Белсенділер, әдетте, өздеріне белгілі деректерді бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы хабарлайды. Осыған байланысты тәртіп сақшылары жоғарыда аталған ресурстарға кеңінен мониторинг жүргізіп жатыр.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қоқыс #Алматы #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ағайынды Кенжеғұловтар Аустрия Кубогында топ жарды

Бүгін 12:29

Тәртіп пен тәрбие басты назарда: Қорғаныс министрінің орынбасары Гвардейск гарнизонында тәрбие жұмысының басым бағыттарын айқындады

Бүгін 12:22

Алматыда заң жағынан тегін көмек ұсынатын жоба іске қосылады

Бүгін 12:20

Алматыдағы Бостандық ауданы жолды жөндеп, инфрақұрылымды жаңғыртып жатыр

Бүгін 12:17

Алматының Бостандық ауданында 68 аула мен 67 үйдің қасбеті жаңарады

Бүгін 12:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика