AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы полициясы көлік ұрысын қолға түсірді

Алматы полициясы көлік ұрысын қолға түсірді

Оқиға 03.11.2022, 14:00 2,071
Алматы полициясы көлік ұрысын қолға түсірді
Сурет: polisia.kz

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті өз кінәсін толықтай мойындады


Алматы полиция департаменті қалада көлік ұрлығымен айналысқан күдіктіні ұстады, , деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұрын бірнеше рет сотталған Алматы облысының тұрғыны бөтен біреудің жол талғамайтын көлігін ұрлап кетті. Әуезов ауданы полициясының мәліметінше, 31 жастағы К. есімді азамат бұрын алаяқтық және қарақшылық жасағаны үшін жазасын өтеген. 


Бұл жолы ер адам көлік ұрлауды қолға алған. Ол Toyota Land Cruiser көлігін екінші шағын ауданда байқаған. Жол талғамайтын көліктің иесі көлігінің жоғалғанын, қаладан шығып кеткенін телефонына GPS қосымшасы арқылы  SMS-хабарлама келген кезде ғана анықтаған. 



– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көліктің тұрған жері анықталды. Патрульдік жасақ осы қылмысты жасады деген күдікпен К. есімді азаматты ұстады. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да оқиғаларға қатысы бар екендігі жоққа шығарылмайды. Бұл бағытта тексеру жұмыстары жалғасуда. Тергеу кезеңінде К. есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #ұрлық #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);