AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полициясы көлік ұрыларын ұстады

Алматы полициясы көлік ұрыларын ұстады

Заң мен тəртіп 29.11.2022, 05:35 977
Алматы полициясы көлік ұрыларын ұстады
Сурет: Polisia.kz

Қостанай облысының 34 жастағы тұрғыны мен оның Ресей Федерациясынан келген 33 жастағы серігінің мойнында бөтен көліктерді ұрлаудың кем дегенде екі дерегі бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Көлік ұрыларын әшкерелеу және ұстау іс-шарасын Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері Наурызбай аудандық ПБ мен Алатау аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп жүргізді.



«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталды. 34 жастағы Д.есімді азамат – негізгі айыпталушы. Ол көліктердің есігін ашып, рөлге отырған. 33 жылғы И.есімді азамат, ол көлік ұрлауға көмектескен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаскөйлердің қаланың Алатау және Наурызбай аудандарында екі Toyota Highlander көлігін ұрлап кеткендігі анықталды. Бұл көлік табылды және тәркіленді, заттай айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.



Сонымен қатар ұрланған көліктердің бірін тексеру барысында арнайы тоғы бар бағдарламашы және ұсталған адамның суреті бар жалған көлік жүргізуші куәлігі, басқа да жеке деректері табылды және тәркіленді.


Қазір полиция қызметкерлері ұсталғандардың қалада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Тергеу барысында күдіктілер қамауға алынды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #ұры #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Іле Алатауы ұлттық паркіне – 30 жыл: тау экожүйелерін сақтау мәселесі халықаралық деңгейде талқыланды

Бүгін 22:31

Елзат Ескендірдің «Әбілі»: өтпелі кезеңнің көркем келбеті

Бүгін 21:33

«Вечерний Алматы» газетінің шығармашылық ұжымына Президенттің БАҚ саласындағы Алғысы берілді

Бүгін 18:46

Шанхай тарихи музейінде «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылады

Бүгін 18:31

Алматыда заңсыз қоқыс үйінділерімен күресуге арналған цифрлық платформа таныстырылды

Бүгін 18:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);