AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы полицейлері ата-аналарды балалардың жолдағы...

Алматы полицейлері ата-аналарды балалардың жолдағы қауіпсіздігін қадағалауға шақырады

Әлеумет 15.08.2024, 12:16 1,314 Bakyt
Алматы полицейлері ата-аналарды балалардың жолдағы қауіпсіздігін қадағалауға шақырады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету және балалар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін ұйымдастыру мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек жыл басынан бері қалада балалардың қатысуымен 623 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін хабарлады.

Салтанат Әзірбек ата-аналарды балаларына жолды дұрыс кесіп өтуді үйретуге және самокаттар мен мопедтерді жүргізуге жол бермеуге шақырды. Сонымен қатар, ересектердің өздері де балаларға дұрыс жүріп-тұрудың үлгісін көрсету керектігін атап өтті.

“Әрбір ата-ана кәмелетке толмаған балаларға электрлік самокаттарды, мопедтерді және скутерлерді мінуге рұқсат берер алдында баланың қауіпсіздігі, денсаулығы мен өмірі туралы ойланғаны жөн. Жасөспірім көлік жүргізу дағдыларынсыз, қауіпсіздік нормалары мен жол қозғалысы ережелерін сақтамай, өзіне де, басқаларға да қауіп төндіруі мүмкін. Мұндай абайсыздықтың бағасы сіздің балаңыздың денсаулығы немесе өмірі болуы мүмкін екенін естен шығармаңыздар,” - деді ол.

Сонымен қатар, ол заңға сәйкес 16 мен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандарға жол бойында электр самокаттарды жүргізуге тыйым салынатынын еске салды. Бұл үшін ӘҚБтК-нің 620-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Заңды өкілдер ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Алматы полициясы көліктің баламалы түрлерін басқаратын адамдар, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Алматыда жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 359 жол-көлік оқиғасы орын алып, 364 адам жарақаттанып, 6 адам қайтыс болған. Электр самокаттарының қатысуымен 47 апат орын алып, 51 адам жарақат алған.

Жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 15 мыңнан астам мопед жүргізушілері және самокат тізгіндеген 12 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бала #жол #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңке

Бүгін 19:54

Алматы әкімі «Вечерний Алматы» газетінің журналистерін басылымның 90 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік наградалармен марапаттады

Бүгін 19:50

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 19:10

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты

Бүгін 19:08

Астаналық оқушылар АҚШ-тағы әлемдік STEM жарысында топ жарды

Бүгін 19:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);