Алматы өзендерінде су тасып, тауда қар көшкіні жүруі мүмкін

Алматы өзендерінде су тасып, тауда қар көшкіні жүруі мүмкін Сурет: Ашық дереккөз

Қар аралас жаңбыр жауып, қалың тұман түсіп, қөктайғақ болады


Ауа райының нашарлауына байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке қарағанда, 25-27 ақпан аралығында таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауып, қалың тұман түсіп, қөктайғақ болады.


Сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қар жылдам еріп, мұз әлсірейді және өзендерде су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін.



«Жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығы мен қалыңдығына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 24-25 ақпанда қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупіне байланысты қарлы тік жартастарға шығуға болмайды. Тауда абай болыңыздар», - делінген ведомствоның хабарламасында.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:41

21:25

19:35

19:33

17:57

17:55

17:54

17:50

17:47

17:42

17:37

17:10

17:07

16:50

16:36

16:25

16:04

15:59

15:42

15:34

15:17

15:01

14:51

14:43

14:32