конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматы онкологиялық орталығында тоғыз айда 14615 н...

Алматы онкологиялық орталығында тоғыз айда 14615 науқас емделді

Медицина 13.10.2022, 08:07 1,953
Алматы онкологиялық орталығында тоғыз айда 14615 науқас емделді
almaty-akshamy.kz

Алматының онкологиялық орталығында қатерлі ісікке шалдыққан 15 мыңға жуық науқас ем қабылдады


Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы онкологиялық орталығының директоры Нұрсұлтан Ізбағамбетов айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Биылғы жылдың 9 айында Алматы онкологиялық орталығында 14615 науқас емделді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1359 науқасқа көп.


Хирургиялық бөлімдерде 2000-ға жуық ота жасалды, олардың 50%-дан астамында бейнеэндоскопиялық техника қолданылды, бұл пациенттің ауруханада болу ұзақтығын қысқартып, операциядан кейінгі кезеңді жеңілдетеді.


Тәулік бойы және күндізгі стационар жағдайында 12 061 науқас химиятерапиялық ем қабылдады. 24 мыңнан астам КТ және МРТ сәулелі зерттеуі жүргізілді. 793 онконауқасқа сәулелі терапия емі жүргізілді.
Алматылықтар сәулелі терапия емін АҚШ-та жасалған жоғары энергетикалық желілік  үдеткіш көмегімен алатынын естеріңізге саламыз. 


Бұл құрылғы сау тіндерді қозғамай, иондалған бөлшектер шоғын ісіктің өзіне тікелей бағыттауға мүмкіндік береді.



«Процедура ауырсынусыз өтеді. Сәулелендіру сеансының өзі небәрі екі минутты алады, ал қалған уақыт пациентті әртүрлі арнайы құрылғылардың (фиксаторлар, маскалар) көмегімен емдеу үстеліне жатқызуға, содан кейін ем жасалатын аймаққа сәулені бағыттауға және процедураның сапалы жүргізілуін бақылауға кетеді. Айта кететіні, сапаны бақылаумен ТМД елдеріндегі ең үздік ұжымдардың бірі – медициналық физиктер айналысады. Сондай-ақ, осы желілік үдеткішті қолданысқа енгізгелі бері, қала тұрғындары үшін сәулелік терапияға кезек пен орташа күту уақытын қысқартуға мүмкіндік бергенін ерекше атап өткім келеді. Біздің бөлімде күн сайын 80-ге жуық алматылық ем алады», - деді Нұрсұлтан Ізбағамбетов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #онкология #Науқастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49

Жаңа Конституция – жасампаз әрі озық Қазақстанның негізі

Бүгін 09:46

Алматыда бір тәулікте 1 357 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды

Бүгін 09:27

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Кеше 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Кеше 20:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);