AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысының тұрғындары қоқыс төгетін аумаққа...

Алматы облысының тұрғындары қоқыс төгетін аумаққа шағымданды

Әлеумет 12.10.2022, 05:20 1,514
Алматы облысының тұрғындары қоқыс төгетін аумаққа шағымданды
Сурет: 24.kz

Жергілікті тұрғындар денсаулығы үшін алаңдайды.


Алматы облысының тұрғындары терезе түбіндегі қоқыс тастайтын орынға шағымданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Астана» телеарнасының мәліметінше, ол орын Іле ауданындағы тұрғын үйлердің қасында пайда болған. Мұнда жүк көліктері тонналап тұрмыстық қалдықтар мен құрылыс материалдарын әкелуі салдарынан ауыл маңында қоқыс тау боп үйіліп жатыр.



«Олар күніне бірнеше рет келеді. Дәл қазір 5 камаз келіп кетті. Қоқыстарды мына шұңқырға тастап жатыр. Қоқысты неге дәл осы жерге жинайды? Мұнда адамдар тұрады емес пе? Тыныстайтын ауа жоқ, шаң, сасық иіс», - дейді зейнеткер Гүлжахан Қалиева.



Мұнда құрылыс материалдарының қалдықтары, қатты тұрмыстық қалдықтар төгіледі. Тіпті жануарлардың өлекселері де бар. Жергілікті тұрғындар денсаулығына алаңдайды. Қоқыс жан-жақтан жеткізіліп жатыр. Тіпті Алматыдан да әкелінетін көрінеді. Тұрғындардың айтуынша, жергілікті қоқыс аумағында тышқандар мен егеуқұйрықтар көбейген.


Ауыл әкімдігі қоқыс тастайтын аумақ жекеменшік иелігінде екенін хабарлады. Шенеуніктер аумақты тазарту қажеттілігі туралы бірнеше рет ескерткенмен, әлі жауап болмаған.



«Учаскелік инспектор 30 АЕК көлемінде айыппұл салды. Қазір бұл жердің иесіне аумақты толығымен тазарту туралы хат жолдадық. Бүгін экология департаменті мен жер инспекциясы департаментіне тиісті шаралар қабылдау туралы хат жолдап отырмыз», - деді Казцик ауылдық округінің әкімі Бауыржан Жұмабаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қоқыс #шағым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ауаны ластайтын зиянды шығарындылардың себептері анықталды

Бүгін 18:08

Алматыда көмір пайдаланатын дәмханалар мен кәуапханаларды газ бен электр қуатына ауыстыру бойынша жұмыстар күшейтілді

Бүгін 18:06

Олжас Бектенов Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевті қабылдады

Бүгін 18:00

Үкіметте Мемлекет басшысының туризм мен спортты дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды

Бүгін 17:45

Автолизинг пен автонесие: тиімді көлік алу жолдары

Бүгін 17:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);