AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысының тұрғындары ауыз суға зәру

Алматы облысының тұрғындары ауыз суға зәру

Әлеумет 28.09.2022, 16:01 1,127 Almaty-akshamy
Алматы облысының тұрғындары ауыз суға зәру
Сурет: Almaty.tv

Өркениеттен шет қалдық деген Алматы облысындағы Көктоған елдімекенінің жұрты әкімдік өкілін құрдай жорғалатты. Себебі ауылда бұған дейін де бірнеше мәрте көтерілген мәселе әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. Ауыз судың тапшылығынан халық мал ішкен құдыққа баруға мәжбүр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Су алатын құбырдың қасы қоқыс, маңында қаңғыған иттер де жүреді. Тіршілік көзін іздеген жұрттың басқа амалы жоқ.



«Орталықта бір-ақ колонка. Біз жақта су жоқ. Өзіміз қаздырдық, бірақ ол суды ішуге мүмкін емес», – деді Көктоған ауылының тұрғыны Сәния Суанбекова.



Ауылдың тағы бір өзекті мәселесі – тозығы жеткен мына бір электр бағандары. Өткен ғасырда қағылған қазықтар бүгінде құлайын деп тұр. Тұрғындардың айтуынша, кейде электр сымдары үзіліп, ауа-райы өзгерсе болды, елдімекен жарықсыз отырады.



«Жел болғанда, жарық жоқ, өшіп қалады. Тоңазытқыш істемей қалады», – деді Көктоған ауылының тұрғыны Садық Баймұханбетов.



Тұрғындардың айтуынша, әлеуметтік желі былай тұрсын, кейде телефонмен тілдесу қиын.



«Жедел жәрдем шақырсақ, жолға шығады. Бірақ таба алмай, сандалып жүреді. Неге? Себебі бізде интернет атымен жоқ. Жолды түсіндірейін десек, қоңырау шалудың өзі мүмкін емес», – деді Көктоған ауылының тұрғыны Валентина Мартианова.



Әкімдік өкілі ауылдағы мәселенің бәрін біртіндеп шешуге тырысып жатқанын айтып ақталды. «Ауылдағы барлық кем-кетіктен хабарымыз бар. Балаларды мектепке тасу, жолды жөндеу, жарық жүргізу, су тарту сынды мәселе мәслихатта қаралып жатыр. Қаржы бөлінсе, шешіледі», – деді  Елтай ауылдық округі әкімінің орынбасары Біржан Белғожаев.


Әкімдік өкілінің сөзіне сенсек, келесі жылы ауылды жарықпен қамту жұмысы басталмақ. Тіпті, жобасы да дайын екен. Ал әзірге жұрт далада жатқан құбырдан су ішіп, интернетсіз бір-біріне хат жолдап, амалдай тұруға мәжбүр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыз су #Алматы облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);