Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматы облысындағы «сақалды» құрылыспен министр та...

Алматы облысындағы «сақалды» құрылыспен министр танысты

Спорт 07.08.2023, 11:56 1,387
Алматы облысындағы «сақалды» құрылыспен министр танысты
Сурет: Inform.kz

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов желіде Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан Олимпиадалық даярлаудың республикалық базасы құрылысымен танысты.


Бұл туралы ол Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Министрдің сөзінше, барлық халықаралық стандартқа сәйкес келетін заманауи база Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша салынып жатыр.



«40 га аумақты алып жатқан спорттық базаны шағын Олимпиада қалашығы десе де болады. Мұнда бір мезетте 2 300 адам олимпиадалық спорттың 23 түрімен: жеңіл және ауыр атлетика, волейбол, баскетбол, гандбол, мини-футбол, шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, көркем және спорттық гимнастика, бокс, жекпе-жек, соның ішінде күрестің барлық түрі, су спорты түрлерімен, оқ және садақ ату және т.б. айналыса алады. Базада 9 жабық спорт кешені бар: бұл жеңіл атлетика манежі, мұз аренасы, көпфункционалды спорт залы, гимнастика және ауыр атлетика залы, 10 жолақты 50 метрлік олимпиадалық бассейн, жекпе-жек залы, мергендерге арналған садақ және оқ ату алаңы, 420 орындық қонақ үй, допингке қарсы зертханасы бар медициналық орталық пен басқа да нысандар», - деп жазды Асхат Оралов.



База аумағында спортпен шұғылданып қана қоймай, білім алуға, бос уақытты пайдалы әрі қызықты өткізуге барлық жағдай жасалады.



«Атап айтқанда, кітапхана, бірнеше конференц зал, боулинг, спорт дүкені мен дәмханалар болады. Жоба шағын және орта кәсіпті дамытып қана қоймай, 800-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Болашақта база аумағында әлем чемпионаттарының кезеңдерін, универсиада, спартакиада сынды халықаралық жарыстарды өткізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін мұнда барлық мүмкіндік қарастырылған», - делінген министрдің жазбасында.



Ол сондай-ақ кешен құрылысы 2005 жылы басталғанын, алайда әр жылдары қаржылық және басқа да мәселелерге байланысты құрылыс тоқтап қалғанын мәлім етті.



«Жоспар бойынша құрылыс жыл соңына дейін аяқталуы керек. Қазір сыртқы инженерлік желілерді тарту және асфальт төсеу сияқты мәселелер шешіліп жатыр. Кеңес қорытындысына сай жауапты мекеме басшыларына құрылысты сапалы аяқтау туралы тапсырма бердім», - деп жазды Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.



Еске салсақ, бұған дейін Асхат Оралов облыстардағы спорт нысандарында түгендеу жүріп жатқанын, сондай-ақ биыл 113 жаңа спорт нысанын салу жұмыстары жалғасатынын айтқан болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы облысы #сақалды құрылыс #министр #Спорт нысаны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

12 жасқа дейінгі балаларға паспорт 5 жылға беріледі

Бүгін 16:09

Доллар арзандап кетті

Бүгін 16:03

Қазына іздеген қазақтар

Бүгін 15:50

Тоқаев Саясат Нұрбекті қабылдады

Бүгін 15:17

Алматыда ЮНИСЕФ-тің патронаждық қызметті дамыту жөніндегі кеңесі өтіп жатыр

Бүгін 14:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика