Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматы облысындағы оқушылар шетелдік тағамнан улан...

Алматы облысындағы оқушылар шетелдік тағамнан улануы мүмкін

Медицина 22.05.2023, 16:00 1,992
Алматы облысындағы оқушылар шетелдік тағамнан улануы мүмкін
Сурет: Ашық дереккөз

Он баланың үшеуі ауруханада жатыр


Алматы облысында уланған 10 оқушы белгісіз жазуы бар, шетелдік тағамнан зиян шегуі мүмкін. Осылай деген мектеп директоры мен ата-аналар дүкеннен сатып алған тұздалған таяқшаларды жегеннен соң, жеткіншектердің жағдайы нашарлай түскенін айтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Бәйтерек ауылында уланған 10 оқушының үшеуі ауруханада жатқанына бүгін төртінші күн. Желіде желдей ескен жазба арқылы тұтас ауыл қазір ұшынған оқушылардың жағдайына алаңдаулы. Ең сорақысы да сол – өлім аузынан аман қалған жеткіншектер белгісіз тағамды да сол желі арқылы танып, көрген екен.



–10 қыз ақша шығарып, ащы таяқша алып жеген. Соны жеп, уланып қалды. Менен «алып жесем бола ма» деп сұрап жүрген. Мектептің асханасына шағым жоқ, өйткені менің қызым асханадан тамақ ішпейді, – деп хабарлайды ата-ана Разия.



Қытай таяқшаларын жегеннен соң талып құлаған 10 оқушы Байтерек аулындағы мектепте білім алады. Ұстаздары «олар бірінші сабақта-ақ жүрегі айнып, құса бастады» дейді. Кейін осы мекемеден бірден ауруханаға жеткізіпті.



– Қытайша жазылған, не қазақ, не орыс тілінде аударылмаған, сақтау мерзімі жоқ затты алып жемеңдер» деп сыныпты аралап бәріне айтып шықтым. Ата-аналарға да ескерттік, – деді Бәйтерек орта мектебінің директоры Жазира Балахан.



Жалпақ жұрт жаман атты қылған жергілікті дүкенге біз де бас сұқпақ болып бардық. О баста есігін тарс жауып, бізді кіргізбей қойды.


Тұздалған таяқшаларды жеп уланды деген 10 оқушы дәл осы дүкеннен сатып алған. Мұндағы сатушылар да оны растап отыр. Олардың айтуынша,  сұраныс болған соң, сөреге әкеліп қойған. Сондықтан аты жазылмаған, заты белгісіз тауарды тексермей сатқанымызға кінәлі екенін мойындайды.



– Оқушылар уланғаны жөнінде мамандар тарапынан нақты ақпарат айтылмады ғой. Әзірге бәрі жалған. Біздің қателігіміз - қытайша жызылған сөзді түсінбедік, Тауарды қабылдап алғанда сақтау мерзіміне мұқият қараймыз, – деді дүкен сатушысы Роза Жанықұлова.



Ал аудандық ауруханаға түскен 10 баланың жетеуі амбулаториялық ем алу үшін үйіне жіберіліпті. Ал үшеуінде әлі әлсіздік бар. Сондықтан сақтық үшін қазір дәрігер бақылауында екен.



– Он науқас "жедел жәрдем" көлігімен жеткізілді. Науқастарды толық медициналық тексеруден өткізіп, белгісіз тағаммен уланғаны белгілі болды. Қауіпті тағам, химиялық заттармен 5 жасқа дейінгі балалар уланады. Үй жағдайында баланың денсаулығына өте қауіпті, өліп кетуі мүмкін, – деді Еңбекшіқазақ ауданы орталық ауруханасы директорының орынбасары Әлия Омарбекова.



– 2023 жылдың 19 мамырында өнім мен жеткізушіні анықтау мақсатында тергеу жұмыстары басталып, нәтижесінде шығу тегі белгісіз таяқшаның сатылымда жоқ екені анықталды. Өтінімді растайтын тиісті құжатсыз жүргізілген, – деді Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Темірлан Айтбаев.


Ал аталған іске қатысты кінәлі тараптарды анықтау үшін материал Талғар аудандық полиция басқармасына жөнелтіліпті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #улану #жәрдем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика