AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы облысында тау бөктері өртеніп, елдімекенге...

Алматы облысында тау бөктері өртеніп, елдімекенге қауіп төнді

Оқиға 21.09.2022, 15:32 1,001
Алматы облысында тау бөктері өртеніп, елдімекенге қауіп төнді
Сурет: Almaty.tv

Алапат өрттен зардап шеккендер жоқ


Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында тау бөктері өртеніп 4 мыңнан астам халқы бар елдімекенге қауіп төнді. Қызыл жалын қасқағым сәтте 2 гектар аумаққа жайылып, жайқалған жасыл желектің күлі көкке ұшты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Азат ауылындағы алапат өрт туралы хабар жеткенде бірден төтенше жағдайлар қызметі мінген көліктің ізіне түстік. Оқиға орнына жеткенде, елдімекенге тиіп тұрған тау жотасының өртеніп жатқанын көрдік. Қою қара түтін, лапылдаған қызыл жалын.


Жотада тұтанған қызыл жалын бірден тарап, беткей тұсы түгел дерлік күлге айналып кетті. Өртті сөндіруге төтеншеліктерден бөлек, ауыл тұрғындары да атсалысып жатыр. Дегенмен, қауіп әлі сейілмеді. Бөктердегі бұта мен шөптің құрғақ болуы өрттің тез таралуына себеп болды.  


Өрт шыққан аумаққа жету үшін шамамен 20-25 минуттай уақыт кетті. Мұнда шығудың өзі қиын. Мұндағы жағдайды айтатын болсақ, өрт толығымен сөнді. Қауіп те сейілді. Мұндағы өрт сөндірушілер мойынға артылған міндетті толық атқарып, ауылға төнген қауіптің бетін қайтарды.



«Өрт 2 гектар аумаққа тарады. Біз сөндіру барысында анықтадық. Енді біздің арнайы мамандар таудағы өрттің қайдан шыққаннын зерттейтін болады. Егер біреудің қасақана әрекеті болып шықса, ол міндетті түрде жауапқа тартылады», – деді Еңбекшіқазақ аудандық ТЖБ бастығы Рахман Каримжан.



Алапат өрттен зардап шеккендер жоқ. Айта кетейін, жыл басынан бері бір Алматы облысының өзінде 200-ден астам дала өрті тіркелген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өрт #ТЖД #қауіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы экономикасы: инфляция 11,7%-ға жетіп, қаржы көрсеткіштері өсті

Бүгін 10:32

Қазақстандық колледжде AI Lab+ жасанды интеллект зертханасы ашылды

Бүгін 10:18

Жол саласының құрылыс маусымына дайындығы пысықталды

Бүгін 10:06

Қазақстанның он қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 09:37

Жыл басынан бері 3,3 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика