конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында спорт катерін шығаратын зауыт пен...

Алматы облысында спорт катерін шығаратын зауыт пен пилоттарды дайындайтын академия ашылады

Әлеумет Бүгін 09:53 49
Алматы облысында спорт катерін шығаратын зауыт пен пилоттарды дайындайтын академия ашылады
Алматы облысы әкімдігі

Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында алдағы 5 жыл бойы халықаралық «Формула-1 H2O» жарысы өткізіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл жоба судағы сайысты ұйымдастырумен ғана шектелмейді. Алдағы уақытта өңірде катерлер шығаратын зауыт салынады деп жоспарлануда. Сондай-ақ су көліктерін басқаратын пилоттарды оқытатын академия ашылмақ. Тіпті су үстіндегі Формула-1 жарысында ел намысын қорғайтын ұлттық команда жасақталады.

Аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев «F1H2O» жарысын ұйымдастырушылармен тағы бір мәрте кездесіп, халықаралық шараны жоғары деңгейде өткізу мәселесін талқылады.

– «Формула-1 H2O» секілді халықаралық жарыстарды өткізу еліміздің әлемдік деңгейдегі беделін одан әрі арттыра түседі. Облыс әкімдігі тарапынан бұл бастамаға толық қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ ҚР Спорт және туризм министрлігімен бірлесіп, сайысты еліміз үшін маңызды ұлттық жоба ретінде іске асыруға күш саламыз, – деді аймақ басшысы.

Ал, H2O Racing компаниясының өкілі Раймондо ди Сан Джермано Қазақстан бұл сайысты өткізуге ең қолайлы ел екенін атап өтті.

– Халықаралық доданың Орталық Азияда кеңінен дамығанын қалаймыз. Әлем бойынша су үстіндегі ең ауқымды жарысты Қонаевта ұйымдастыруды ұйғардық. Себебі бұл шаһар су туризмімен кең танымал. Ыстықкөлде өткен жарыста 2027 жылғы әлем чемпионатының Қазақстанда өтетінін ресми түрде жарияладық. Алдағы уақытта біз пилоттарды даярлайтын академия ашып, су көліктерін басқаратын мамандарды оқытамыз. Сондай-ақ Қазақстанда және жалпы Орталық Азияда осы спорт түрінің федерациясын дамыту бағытында жұмыс істейміз. Бұл жобалардың барлығы Қонаев қаласында жүзеге асады. Бұдан бөлек, Қазақстанда спорт катерлерін шығаратын зауыт ашуды да жоспарлап отырмыз. Ыстықкөлде болғанымызда Қырғызстанның өз командасы жоқ екенін көрдік. Алдағы 12 ай ішінде Қазақстанның толыққанды ұлттық құрамасын жасақтауға мүмкіндік бар, – деді Раймондо ди Сан Джермано.

Айта кетейік, «Formula-1 H2O» биыл Қырғызстандағы Ыстықкөл жағалауында өтті. Желмен жарысқан жүйріктердің өнерән тамашалауға 6 елдің президенті арнайы барып қатысты. Ал, келер жылы Қапшағай көлінде болатын жарысты әлем бойынша бір миллиардқа жуық адам тікелей трансляция арқылы тамашалайды деп күтілуде. Бұл еліміздің туристік әлеуетін арттырып, шетелдіктердің қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы облысы #пилот #Академия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

46 жалған диплом анықталған

Бүгін 11:10

Алматыда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға арналған AITK Fest 2026 жастар фестивалі өтеді

Бүгін 10:37

Елімізде жеке кәсіпкерлік ашқандар үшін жаңа тәртіп енгізілді

Бүгін 10:13

Алматының Алатау ауданында 2026 жылы төрт мектеп ашылып, ірі инфрақұрылымдық жобалар аяқталады

Бүгін 09:35

Бүгін ауа райы құбылмалы болады

Бүгін 09:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);