AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында шалғай аудандарға газ жеткізу жұм...

Алматы облысында шалғай аудандарға газ жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр

Әлеумет 27.11.2021, 07:00 1,390
Алматы облысында шалғай аудандарға газ жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр
Cурет: Алматы облысы әкімдігі

Райымбек пен Кеген аудандарына да газ тартылады


Алматы облысында шалғай жатқан Балқаш ауданына 51,2 км газ құбыры тартылып, «Бақанас» АГТС іске қосылған. Бұл іске 2,9 млрд. теңге жұмсалды. Сол сияқты мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Бақанас ауылында жалпы құны 1,1 млрд теңгелік ауыл ішілік желілер құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық басқармасының мәліметіне қарағанда, Бақанас ауылында табиғи газға қосылуға 2137 абонент мүмкіндік алды, 500-ден астам үй көгілдір отынға қосылуға дайын. Қазіргі кезде нысан «ҚазТрансГазАймақ» АҚ балансына өткізілуде. 


«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасының шеңберінде 876,1 млн теңгелік  «Балқаш ауданының Ақдала ауылына газ жеткізу құбырының және газ тарату құбыры құрылысының» жобасы аяқталуға жақын.


Сол сияқты Алакөл, Ақсу, Сарқан аудандарын газдандыру үшін «Қапал», «Жансүгіров», «Сарқан», «Қойлық», «Қабанбай» және «Үшарал» АГТС-тарына бұрылатын «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбыры құрылысының» жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Газ құбыры трассасының жалпы ұзындығы 318 км болады. «Талдықорған - Үшарал» магистралды газ құбырынан барлығы 148 елді мекенге газ жеткізіледі, яғни 156,4 мың адам газбен қамтылады деген сөз.


Сол сияқты Райымбек пен Кеген аудандарының ауылдарын газдандыру үшін «Шелек-Кеген-Нарынқол» магистралды газ құбыры құрылысының» ЖСҚ дайындалуда. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 316,3 млн. теңге бөлінді. Соның нәтижесінде 17,4 мың халық тұратын 23 елді мекен газдандырылады.


Жалпы осындай жұмыстардың арқасында келесі жылы Алматы облысының газдандырылу деңгейін 64%-ке жеткізу жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#газ #Алматы облысы #құбыр #Шалғай аудандар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 21:15

Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясы

Бүгін 21:00

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 20:30

Зияткерлік жарыс алматылық білімді жастарды біріктірді

Бүгін 19:01

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 18:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);